Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

0
330

Болат Бақауов қызметінен босады. Павлодар облысының жаңа әкімі қызметін Әбілқайыр Сқақов атқаратын болады. Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «экономика және қаржы» мамандығы бойынша оқыды. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынас институтын «құқықтану» мамандығы бойынша және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «іскерлік басқару магистрі» мамандығында оқыған. 1995–2006 жылдарда Павлодар облысының салық комитеті жүйесінде қызмет етіп,Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік кірістер департаментін басқарды. Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылдың сәуір айынан бастап Қаржы министрлігі қаржы мониторингі жөніндегі комитетінің төрағасы болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.