
Францияның «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Неймар ұшақ апатынан қаза тапқан әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайанттың рухына құрмет көрсетіп, 26 қаңтар күні болған матч кезінде «Лиль» командасына қарсы ойында соққан екінші голын жоғарыдағы аңыз ойыншының рухына арнады. Ойындағы екі голды да Неймар соққан-ды. Бразилиялық футболшы 52 минутта соққан екінші голынан кейін видеокамера алдына келіп, 24 деген санды көрсеткен. Ол бұл әрекетімен әуе апатынан көз жұмған Коби Брайанттың аруағына құрмет көрсеткенін білдіргені еді. Марқұм баскетболшы үнемі 24 нөмірмен ойнаған болатын. Неймар әйгілі спортшының қазасы туралы матч үзілісі кезінде естіген болатын. Ұлттық баскетбол лигасының жарық жұлдызы Коби Брайант тікұшақ апатынан қызы Джанна Мариямен бірге қаза болғанды.