Сурет: Four Four Two
Сурет: Four Four Two

Испаниялық «Реал Мадрид» клубының атақты қорғаушысы Марсело алматылық «Қайрат» футзал клубына УЕФА кубогында сәттілік тілеп видео түсірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

«Төртеудің финалы» 28-30 сәуір аралығында Алматы қаласында өтеді.

«Сәлем, менің атым Марсело. Сендерге айтайын дегенім, футзалдан УЕФА кубогында мен «Қайратқа» жанкүйермін. Ал сен ше? Алға, «Қайрат», – делінген Марселоның видеосында.

Айта кетейік, «Реалдың» қорғаушысы Марсело -«Қайраттың» қақпашысы Игитаның досы. Марсело осыған дейін алматылық командаға қолдау көрсетіп жүрген еді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз