Қордай ауданындағы Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Ауқатты және Қарасу ауылдық округтерінің бірлескен Қоғамдық келісім кеңесі құрылып, кеңестің Ережесі және 2020 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Кеңес құрамы ауылдық округтердің ардагерлері, аналары және жастары, белсенділер, меценаттар мен мешіт имамдары, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатарынан қалыптастырылды. Жалпы, кеңес құрамына 6 ауылдық округтен  21 адам енгізілді.

Бүгінгі күнге Ауқатты және Сортөбе ауылдарында 3 кездесу өткізіліп, оған барлығы 400-ге жуық адам қамтылды.

Ауданда болған жағдайға байланысты әрбір ауылдық округте әйелдер және жастар қоғамдық кеңестер құрылуда.

Халықтың кңіл-күйін жақсарту, ұлттық құндылықтарды, мәдениетті дәріптеу мақсатында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан 25-26 ақпан күндері Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Бұлар батыр, Ауқатты, Қарасу ауылдарында Жамбыл облыстық филармониясының концерттік бағдарламасы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған әдеби постулат, Анимациялық, көркем фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылуда.

Ал, білім басқармасының ұйымдастыруымен 30 наурызға дейн бірқатар мәдени шаралар өткізіледі. Оның ішінде, «Мен елімнің Ұланымын!» – 5-10 сынып оқушылары арасында  шығарма жазу байқауы, «Ұлт ұлысқа ортақ үй-Қазақстан» жергілікті жерлердегі этнос бірлестіктерімен бірлескен фестиваль, «Ұстазыма алғыс!» алғыс айту акциясы, «Армысың әз Наурыз!» – салт-дәстүрлер кеші, «Мейірбандық–жүректен, қайырымдылық білектен» – көп балалы отбасыларына көмек көрсету және т.б. шаралар қамтылған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз