ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Нәдіров. «ҚР ДСМ министрі Елжан Біртановтың тапсырмасымен бүгінде мониторингілеу топтары тұтас ел бойынша жұмыс істеп жатыр. Кеше біз Алматы облысында болдық. Ондағы мақсат – жергілікті жерлерде бас санитардың тапсырмасы қалай орындалып жатқанын тексеру, қажет болған жағдайда жұмысты арттыру. Бүгінде ДСМ-де барлық стратегиялық бағыттар жасалып, COVID-19 инфекциясымен қалай және қандай бағытта күрес жүргізу керектігі жөнінде нақты алгоритм жасалды. Біз коронавирус инфекциясымен күресте медициналық ұйымдарда қандай шаралар қолданылып, эпидемиологиялық талаптардың қалай сақталып жатқанын, әріптестеріміздің вирус жұқтырып алу қаупін қаншалықты төмендеткенін анықтау мақсатында бірқатар медициналық ұйымға да бардық. Себебі, медициналық ұйымдар вирус жұқтыру қаупі жоғары жер саналады. Мәселен, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында карантиндеу шаралары тиянақты сақталып, жақсы жұмыс жүргізіп жатыр екен. Өкінішке қарай, статистика бойынша әрбір COVID-19 инфекциясын жұқтырған бесінші адам медицина қызметкері. Бұл алаңдатарлық мәселе, сондықтан біз ауруханаларда медицина қызметкерлерінің вирус жұқтыру қаупін азайту үшін қандай да бір процестердің жүргізіліп жатқанын анықтау үшін медициналық ұйымдармен, эпидемиологтармен тығыз байланыстамыз»,— дейді.

Ермек Сахариев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз