ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «АЙБЫН-2020» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАРЫСЫНДА ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

0
326

Түпқараған ауданының жас сарбаздары VI Республикалық «Айбын-2020» әскери-патриоттық жарысына қатысуда. Бұл туралы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Нұртай Тобанов мәлім етті. Оның айтуынша, Ақшұқыр мектеп-лицейінің «Альтаир» әскери патриоттық клубынан 15 оқушы «Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жарысына қатысуда. Онлайн форматта бастау алған сайыс қыркүйек айының 28 мен қараша айының 30 аралығында 7 бағдарлама бойынша өтеді.

«Жас сарбаздар физикалық дайындығы, АК-74 қарауын бөлшектеп жинау, газқағарды және қорғаныс киімдерін жылдамдықта киіп-шешу және жас сарбаздардың ой-өрісін дамыту мақсатындағы зияткерлік ойындар арқылы бақ сынайды. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты облыс атынан әскери жарысқа қатысып жатқан оқушылар өз жұмыстарын бейнежазбаға түсіріп, ұйымдастырушыларға жібереді. Жарыс талабына сәйкес қорытынды жұмыс сол бейнежазба бойынша бағаланады», – деді Нұртай Тобанов.

Еске сала кетейік, «Альтаир» әскери патриоттық клубының жас сарбаздары «Айбын-2019» патриоттық жарысында жекелей жарыстар аясында жүлделі орындарға ие болды.

 

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.