Мерейдегі мерейлі іс

0
60

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының отыз жылдық мерейтойына орай Батыс Қазақстан облысына қарасты Мерей ауылдық мешіті сауапты іске ұйытқы болды.

Тасқала аудандық мешітінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш ауылда жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді. «Отыз жылдыққа – отыз игі шара» жобасы аясындағы бұл игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев, облыс бойынша имамдардың кураторы, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиев, Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Әбдірахманов, Тасқала аудандық мешітінің бас имамы Айдын Ибрашев және ауыл тұрғындары қатысты.

Белгілі болғанындай, мұндай сауапты істің жүзеге асуына ауыл имамы мен кәсіпкерлерлер атсалысқан. Шара барысында сөз алған облыстың бас имамы Мұратбек Қыстаубаев ҚМДБ-ның төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының атынан құттықтаса, аудан имамы Айдын Ибрашев игі шараға қаржылай көмек көрсеткен кәсіпкер азаматтарға алғысын жеткізді. Бұдан әрі бас имам Мұратбек Қыстаубаев аудан мешіті мен Мерей ауылдық мешіттерін аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.