Ферроқорытпа зауыты өндіріс көлемін арттыруда

0
73

Заманауи және жоғары технологиялық YDD Corporation ферроқорытпа зауытында қуаттылығы 85,5 МВА болатын үшінші пеш іске қосылды. Ол пайдалануға енгізілген соң кәсіпорынның жалпы өндірістік қуаты 30%-ға артып, жылына 180 мың тонна өнімді құрайды. Бұл ретте қосымша жұмыс орындары құрылатын болады.

– Бүгінгі таңда YDD Corporation командасы үшін айтулы күн, себебі біз алғаш рет пешті шетелдік мамандардың көмегінсіз іске қостық. Сондықтан да мен зауыттың өнімділігін арттыру бойынша жоспарларды жүзеге асыра алған қызметкерлерімізге, серіктестерімізге, мердігерлерімізге алғысымды білдіргім келеді. Бұл кәсіпорында Made in Kazakhstan тауарын халықаралық деңгейге шығаруға қабілетті жоғары білікті мамандар еңбек ететіндігін тағы да дәлелдейді. Зауыт өнімі сапа саласындағы ең жоғары әлемдік талаптарға сәйкес келеді. Пандемия кезеңінде біз сату географиясын 15 елге кеңейтіп, Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін дамыта алдық. Қазіргі уақытта зауыт әлемнің 37-ден астам еліне өнім экспорттайды. Бүгінгі таңда Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропа, Америка және т. б. негізгі өткізу нарықтары болып табылады, деп атап өтті «YDD Corporation» ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нығматулин.

 

Covid-19 пандемиясының бірінші толқыны кезінде өндірістің ағымдағы көлемін сақтап қалуға компания акционерлері ауысымдық жұмыс кестесінен вахталық жұмыс әдісіне көшу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауының арқасында қол жеткізілді.

– Біз бүкіл әлемдегі жағдайға қарамастан, пешті іске қосу жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілгеніне қуаныштымыз. Қарағанды ферроқорытпа зауыты – бұл әлемдік инвестициялық қоғамдастыққа Қазақстан экономикасының мүмкіндіктері мен Қазақстан Республикасының басшылығы құрған инвестициялық климат туралы message. Мен Әлемнің түрлі елдерінде, соның ішінде дәстүрлі инвестициялық климат тартымды болып саналатын Еуропада жұмыс істеуге мүмкіндік алдым. Алайда әлемнің еш жерінде мен мемлекет тарапынан инвесторлар үшін ойластырылған және функционалдық сервисті кездестірмедім, деп түсіндірді YDD Corporation құрылтайшысы Давид Кемертелидзе.

 

– Пандемия, әсіресе төтенше жағдай кезінде халық үшін нағыз сынақ болды. Осындай қиын-қыстау кезеңдерде біз қарағандылықтар үшін қосымша жұмыс орындарын құра алдық. Үшінші пештің іске қосылуы сөзсіз, аймақтың дамуына серпін береді және оң мультипликативті әсерге ие болады, деді зауыт құрылтайшысы Жармұхамед Аппаз.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, «YDD Corporation» ЖШС зауытының ашылуы 2019 жылдың шілде айында өткен болатын. Жобаның қазақстандық мазмұнының үлесі – 95%-дан асады. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты – болат, шойын қорытпаларын балқыту және легирлеу кезінде металдардың механикалық және коррозияға төзімділігін жақсарту үшін қолданылатын жоғары сапалы ферросилиций (FeSi75) өндіру. Ферросилиций өнеркәсіптік, азаматтық құрылыста, кеме, әуе, автомобиль жасауда және т.б. қолданылады, зауыттың өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна өнімді құрайды.

Әлемдік өнеркәсіпті үдемелі дамыту және цифрландыру аясында Қарағанды ферроқорытпа зауыты ТМД аумағында да, әлемде де металлургия саласында көрсеткіш болып табылады.

«YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытының құрылтайшылары – Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз – қиын-қыстау кезеңде азаматтық бастама мен жоғары сана-сезім танытты және алғашқылардың бірі болып мемлекетке өздерінің тарапынан қол ұшын созып, отандастарымызға қайырымдылық көмек пен қолдау көрсетті. Компания төтенше жағдай кезінде мемлекеттің іс-қимылын қолдау үшін құрылған Қарағанды облыстық қорына 100 миллион теңге бөлді. Сондай-ақ, шілде айында коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін Қарағанды облысының ауруханаларына 100 оттегі концентраторын, пульсоксиметрлер мен «Эноксапарин» препаратын беріп, гуманитарлық көмек көрсетті. Тамыз айында емханалардың мобильдік топтарының жұмысы үшін емдік іс-шараларды жүргізуге, ауруханаға дейінгі кезеңде науқастарды тасымалдау мен олардың жай-күйіне мониторинг жүргізуге арналған және шұғыл медициналық көмек чемодандарымен жарақтандырылған 10 жеңіл машина өтеусіз берілді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.