БҮГІНГІ ЖАСТАР БӘРІНЕ ЖАУАПТЫ МА?!

0
73

Мемлекеттің болашақта әрі қарай дамуы мен гүлденуі тікелей жастарға байланысты болатындықтан, қоғамның белсенді буыны, елдің ертеңі жастардың тәрбиесіне баса көңіл аударуды уақыт талап етуде.

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын – біздің жастарымыз. Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты – адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.

Парламент сайлау басталады деген кезде қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезініп, Мәжіліске лайықты азаматтар депутат болса деген алаң көңіл біразымызда мазалағаны анық. Сол оймен жүргенде, Фейсбукте дос – әріптес Жанна Ахметова ұсыныс білдірді. Қолдайық дедім. Жалпы сөз солай жалқыға айналды. Ескі дос әрі әріптес Бигелді Ғабдуллин де үн қосты. Сосын қазіргі тележұлдыз ініміз Ерқанат Көпжасар мен бармын деген. Саясатты саралаумен көзге түскен сыралғы таныс Эдуард Полетаев қатарымызға қосылды. Бесеуіміз Алматыда  баспасөз мәслихатын өткіздік. Содан қатарымыз молайды. Мақсатымыз облыс орталықтары мен ірі қалаларда Парламент Мәжілісінің сайлау барысын қадағалау. Сайлауға бақылаушыларды ұйымдастыруға жастар ынталы екенін байқадық. Қоғам дамуы үшін өзгеріс керек. Сол өзерісті ұсынатын жастар. Жастар мұны өздері үшін, өздерінің ертеңі үшін жасамақ. Ұйымдастырушылар арасында кәсіпкер жастардың көп болуы қуантты. Бәрін өздері дөңгелетіп әкетті. Ара – тұра көрегеніміз бен білгенімізді айтамыз…

Міне сол жастарға құлаққағыс. Оқысың, тоқысың деп сол жастар мен маған дейінгі орта буында өз көзқарасын ашық айтып, өрелі ойымен, өнегелі ісімен, өзің замандастарына үлгісімен мойындатқан кәсіби мәдениет өкілі   Нартай Сауданбекұлы бауырымызбен емен-жарқын сұхбат құрдық. Соған құлақ түріңіз. Олай дейтінім Нартайдың дауысын киноэкраннан ғана емес, қазір бар жерден тыңдай аласыздар. Жазылған сөздер оның аузымен дыбысталып жатқандай әсерде боласыз.

«Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс». Абай айтқан.

 

 

Абай – тума талант, данышпан, хакім, гений, қазақтың идеалы. Нартай замандасым, Сіздің әлеуметтік желілердегі ой – толғаныстарыңыз қазіргі жастарға қызғылықты екенін байқап жүрмін.  Ой айтады, пікірлеседі. Бұл құнды. Бала кезімізде үлкен қариялар біз секілді жеткіншек кездерінде Абай өлеңдерін келген меймандардан естіп, жаттап алып айтатынбыз дейтіндері есте. “Қазақ сөзге тоқтаған” деген нақыл да бар.

Бүгінгінің жастары қандай? Сол жастардың кумирі ретінде бұл сұрағыма солардың көзқарасымен, өзіңіздің ой – толғамымызбен тоқталсаңыз?

Қазіргінің жастары бізге түсініксіз. Бұл шындық. Біз қанша тырыссақ та оларды толық түсіне алмауымыз да  мүмкін, себебі біздің балалық пен біздің жастық шақ қазіргі жастардікінен мүлде бөлек. Біздің идеалдар, біздің құндылықтар, біздің тәрбие, біздің көргендеріміз бен көрмегендеріміз мүлде басқа. Міне сондықтан жастар мен мына біздердің һәм бізге дейінгілердің арасын байланыстырып тұрған тек аға-інілік, әке-балалық байланыс пен құрмет қана. Құрмет кетсе онда бітті дей беріңіз. Қазіргі жастар талапшыл. Қазіргі жастар бесіктен белі шықпай жатып оқып туған, бәрін біледі. Қазіргі жастар мына біздер құрметтеп келген құндылықтарға пысқырып та қарамайтын қатігез де болып көрінуі мүмкін. Себебі қарапайым ғана. Ол оған құнды емес. Бітті!
Бір мысал: Бала кезімізде жерден нан немесе нанның титтей бір қоқымын көрсек оны аялап көтеріп алып, адам аяғы баспайтын жерге апарып қоятынбыз. Жалпы біреу абайсызда түсіріп алған нан болмаса көшеде, болмаса қоқыста жатқан нан көрмейтінбіз. Ал қазір ше? Жер-жерлерде шашылып жатқан нан. Соларды иіліп теріп жүрген жас көрдіңіз бе? Жоқ. Бір тілім нанды иіліп көтеріп,  аяқ баспас жерге қойып жатқан сені көрсе, “бұл неқылған ритуал екен ей” деп түсінбей қарап тұрады жастар. Сөз басында құрмет кетсе құриды деп едім ғой. Сол құрмет құрып кетудің алдында тұр. Жастардың үлкенге деген құрметі аз. Кейбірінде тіпті жоқ. Ал сондай “жоқтар” қазір тіпті көбейіп, үлкеен бір буын боп келе жатыр. Бұл қауіпті құбылыс. Негізінде әр буын үшін артынан келе жатқан жастар әрдайым бұзық болып көрінетіні де рас. Археологиялық қазба процесінде жазуы бар бір қыш тақтайша табылады. Зерттеп келіп жіберсе осыдан мың жылдай бұрын, көне қытай тіліндегі жазба екен. Онда; “ЖАСТАР БҰЗЫЛЫП БАРАДЫ” деп жазылып тұр екен. Мың жыл бұрын! Мен теріс жақтарын тіздім. Әлі де тізе беруге болады. Бірақ оң жақтары да бар ғой. Солардың мен үшін ең құнды біреуін ғана айтайын. Ол еркіндік. Қазіргі жастар еркін. Біздің бала кезіміздегі қиялымыз Мәскеуден ары аспайтын. Бұл ең қиялшыл баланың көкжиегі болатын. Ал жәй балалар ары кетсе Алматы немесе ауыл маңынан ұзай алмайтын. Ал қазіргі жастардың қиялында шектеу жоқ. Әлемді шарлағанды былай қойып, өзге ғаламшарларда жүр. Ал қиял жеткен жерге адамның өзі де жететінін біз қазір түсіне бастадық. Неше түрлі стереотиптерден ада, неше түрлі ТАБУларды таптап өткен осы жастарды енді тек дұрыс тәрбие беріп жіберсек Абай көксеген толықадамдар шығып, Алаш арыстары армандап кеткен қоғам құруымыз бек мүмкін. Ал оларға дұрыс тәрбие берумен ата-анасы ғана емес,  бүкіл қоғам боп айналысуымыз керек. Мемлекет тарапынан үлкееен жұмыс атқарылуы керек. Қайталап айтам. Жастарға дұрыс тәрбие берілу керек. Ал ол қандай тәрбие?
Қазіргі тәрбие емес.  Жооқ.
Осындайда Ақселеу ағамыздың бір ойтолғамын айта кетейін. Марқұм ағамыз:
“біз қазіргі жас шенеуніктерді біліміне, оқығанына қарап министірліктерді басқартамыз, шетелдерде оқып келді, “болашақпен” білім алып келді деп үлкен-үлкен қызметтер береміз. Ал олар сол жерде бір жетістікке де жете алмай, не ұлтқа тигізген пайдасы жоқ, не сеніп тапсырылған ведомствоны ұшпаққа шығара алмай титықтап шаршайды. Неге? Себебі онда ұлттық өзек жоқ. Ұлттық болмысы қалыптаспаған. Сондықтан үлкен қызметті шет-елдегі оқығанына қарап емес ұлттық болмысы қандай, ұлтшылдығы қандай дәрежеде деген критериймен беру керек” деген сыңайда сөз толғап, ой тастайды.
Мен осыған толықтай келісем. Уызында ұлттық құндылыққа жарымаған мешел басқарушылар сосын Еркін Ібітановтай ақынды танымай, Әміре Қашаубайұлының телефондарын сұрап жүретіні содан. Ұлттық құндылықтарымыздың, ана тіліміздің өз деңгейіне көтеріле алмай жүргені де содан деп білем.

Жастарға сөзіңізбен ақыл айтып, ісіңізбен де өнеге көрсетіп жүрген көшелі азаматсыз. Осы орайда мына мәселеге қалай қарайсыз? Жастарымыз жаппай мәнсапқа ұмтылуда. Мемқызметте билікке жетіп, бюджет тетігін ұстасам дегенді ашық айтатын болды. Тіптен: “Сен осылай отырғанда уақыт өте береді. Замандастарың қызметтен өсіп, ел басқарады. Қимылдау керек.” Бұл ертеңімізді сеніп тапсырмақ ойлы жастардың әлеуметтәк желідегі жазбаларының ортақ мазмұны. Олардың бәрі неліктен билікке әуес. Жеке шаруа ашып, елді өркендетуге, өздерін дамытуға да болады ғой. Әйтеуір бәрінікі тек карьера. Бастық болып, бұйрық беру.

Жастардың билікке әуес болуына кінәлі аға буын. Орта буынның да қосқан үлесі көлдей. Дамыған мемлекеттерде жастар неге ұмтылатынын білмеймін, бірақ болжаймын. Олардың идеалдары басқа. Сондықтан оларда иновация, даму, өсу бар. Илон Маск солардан шығады. Ал біздің идеал ол бастық. Тіпті біз бала кезімізден бастық болудың “жақсы” екенін “ұғып” өстік. Яғни біздің миымызға, балалық санамызға бастық болу идеясы күштеп тоғытылған.
-“менің балам кім болады? Әрине бастық болады деумен өстік. Ал бастық деген кім?
Бастық, директор, төраға, президент бұлардың бәрі негізінде мемлекеттік қызметшілер. Яғни ұлттың, елдің, мемлекеттің қызметшілері. Былайша айтқанда халықтың жалдап алған жқмысшылары. Олар сол үшін ақы алады. Бірақ ол қағаз жүзінде ғана.  Іс жүзінде қалай?

 

Іс жүзінде олар халықтан бөлек әлем. Оның құзіреті жүрмейтін жер жоқ. Ол мемлекеттің байлығын қалағанынша сора алатын сүлік. Тек ебін тапсаң болғаны. Олар арамызда қаптап жүр. Өңкиген-өңкиген 50-60 миллиондық джиптармен көзге түседі. Мысалы Нұр-Сұлтандағы қаптап жүрген 10 джипті тоқтатып кім отырғаның қарасаң оның кемінде сегізі шенеунік болып шығады. Олар, “қазіргі заманның қаһармандары”  ерекше өмір сүреді, тіршілік жасайды.  Көл-көсір ақшаларына мешіт салады, қайырымдылықтар жасайды, шетелдерде демалады, қымбат киінеді, керемет өмір сүреді, бала-шағалары істі болып қалса таныстығымен немесе ақша күшімен шеше салады. Бір сөзбен айтқанда біздің бастықтар шетінен супермен. Олар тіпті өздері істі болып жатса да айыбын төлеп құтылып кетеді. Тек саяси айып болмаса болды. Қалғанының бәрін шешуге болады. Міне, “қайғысыздың бәрі асау” дегендей бүгінгі заманның қаһарманы өкінішке орай осындайлар боп тұр. Енді осыны көріп өскен ұрпақ бастық болам демегенде, кім болам дейді. Жанын әрең бағып жүрген ғалым, мұғалім, инженер, жазушы болам демейтіні анық қой.
Біз, жастарға “керемет” үлгі көрсеттік. Енді сол соқпақпен жүреді олар. Қанша жүрерін бір құдай біледі. Абай атамның; “пайда ойлама ар ойласы” алдыңғы буынның санасына кірмей тұрса келер буыннан не сұрайсың. Біздің мемлекеттің тұралап тұрғанының да бір себебі осыдан.

Дүниедегі ең ұлы мұратыңыз. Қазақтық жолдан қазір арланушылар көбейді. Нартай бауырым, оны күнде көріп жүрміз. Елімізге әртүрлі ағымдар дендеп енуде. Қаражаттары да аз емес. Әлбетте, жамандық атаулыға темір қақпа қою мемлекеттік мүдде. Бірақ оны толық шешу мүмкін емес екендігі белгілі. Ол қанша жерден қақпан қойсан да сыналап өтетін жымысқы жолдары жетілген жобалар. Оны кіргізетін арнайы халықаралық институттар бар. Олар ашықтан-ашық айғайлап келмейді. Өз тәртібі мен жолын салып білдірмей өтеді.  Сананы улайтын бұл бағыттарға қарсы өзіміздің ұлттық иммуниететіміз болуы міндет. Сол иммунитетті қалыптастыратын өз институттарымыз жұмыс істеуі тиіс. Тәуелсіздік институты. Сіздің ұлттық құндылықтарды қолдауға арналған еңбектеріңіз бұл орайда теңдессіз. Әңгімеміздің әлқиссасын осы көкейтесті мәселелерден бастасақ.

Ең ұлы мұратым ұлт ретінде жойылып кетпейтінімізге, ешкімге құл болмайтынымызға кәміл сенімді болу. Соған анық сенсем онда ұлы арманның орындалғаны.
Иәәә, “бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды” деп хәкім Абай айтпақшы сәл толықтыра кетейін. Ақыры қозғап кеттік қой.
Жаңағы мен айтқан сенімділікке жету үшін атқарылар шаруа шаш етектен.  Иә, жұмыс көп. Оларды тізбелеп отырмай-ақ қояйын. Ең негізгісін айтайын. Ұлт болып қалыптасып, күн сөнгенше ғұмыр кешу үшін қазақ жаппай сауатты болу керек. Әріп тану мен оқи білу сауатын айтпағанымды ұққан боларсыз. Ол басқа, улкен сауат. Міне халық осындай үлкен сауатқа жеткенде, үлкен мәдениетті болғанда сіз айтып отырған жат ағымдар мен түрлі басқа идея ұсынушылардың жемтігі болмаймыз. Олардың уына үлкен білім мен мәдениет тосқауыл болады. Осы үлкен сауат пен мәдениетке қол жеткізсек, қалғаны оңай шешілетін дүние. Дінің де, тілің де, руханиятың да, экономика мен саясатың да өз арнасын тауып өз тұғырына қонады. Ал үлкен сауат пен мәдениетке қалай жетеміз? Бұның жауабының біразын жоғарыда айтып кеттім ғой. Десек те бұл жерде де сәл тарқата айтсақ. Ұлттық идеологияны бекемдейтін кез келді. Өзіңіз айтқандай қазақылықтан арланушылардың мәселесін біржолата шешіп, кесіп тастау керек. Мысалы экономикасы алдыңғы үштікте тұрған Жапондарға, Кәрістерге, Қытайларға қараңызшы. Олар ұлттық құндылықтарын бәрінен жоғары қояды. Ұлттық жәдігерлерін аялап қастерлейді. Ұлт дүниесін түгендеп жүргендерге деген құрмет ерекше. Сондықтан оларда экономикадан да, саясаттан да биік РУХАНИЯТ тұрады. Бұл дегенің тарихқа деген құрмет. Бұл дегенің өткенге тағзым. Сен қазір тарихыңа түкірсең, ертең тарих омыртқаңды опырып, жұлыныңды үзіп жібереді. Тарихқа түкірсең, келешіегің сені зеңбірекпен атады деген бар ғой.

 

Жалпы өзегінен жерігеннің оңған кезін көрген емеспін өз басым. Оған сан мың мысал келтіруге болады. Ұлттық құндылығын түгендеп алғандар кез-келген басқа салада алдына жан салмайтыны сондықтан. Қазақылықтан жерідің екен онда сенің өзегіңе құрт түсті деген сөз. Ол сені алмай тынбайды. Оның нәтижесін ұрпағыңнан көресің.
Қазірдің өзінде сондай “өзегі қуыстардың” ұрпақтары түрлі сұмдықтарды көрсетіп жүр ғой. ЛГБТ, гомосексуализм, нашақорлық, педофилия соның бір көрінісі ғана.
Қысқасы “құдайдан-қорық, пендеден-ұял, балаң бала болсын десең-оқыт, мал аяманы” ұстанған жан аз боп тұр ғой.

Айтқан әңгімелеріңден байқағаным өзіндік қолтаңбаңыз қалыптасқан, сүрлеуі салынған. Өз өнегеңізбен өнерге, елге адал азаматтарды тәрбиелеп, жаңа қоғам азаматтарын қалыптастыруда зор еңбек етудесіз. Қазір әдебиет саласында бұрынғыдай жалпақ жұртқа айтарыңыз жетпейді. Көпке сөзіңізді өткізетін сала журналистика. Телевизия. Кеше ғана қалың көрермендері жоқтаған Бейсен Құрманбектің тағдыры соған дәлел. Демек, дуалы ауыздан шыққан асыл сөзді қабылдайтын халқымыз бар. Біздің замандастарымыз да ел қадірлеген Тұлғаға айнала бастады. Тек оларды о дүниеге кеткенде ғана мойындау күпірлік. Осы тұрғыда қазіргі сөз ұстарларды мемлекеттік деңгейдегі сыйлы азаматтар деп тануға не кедергі деп ойлайсыз? Бұл жерде Олимпиадада алтын алатын спортшылар мен сырт елдерді тәнті еткен әншілерді айтып отырған жоқпын.

Қазіргі сөз ұстарларды неге мемлекеттік деңгейде сыйламайды дейсіз. Себебі керек емес. Менің Шоқан мен Әлиханды жазғаным, оларды бұрыңғы ескі сүрлеумен емес тәуелсіздік көзқарасымен түгендеуім, еліміз мұнайлы ел ғой деп, алғашқы мұнайшы, сонау 1900 жылдары яғни Қаныш Имантайұлы атамыз бір жасқа толған шақта Бомбейдің тау-кен университетіне, тау-кен инженері мамандығына оқуға түскен Оразмағанбет Тұрмағамбетұлын іздегенім, оның ақтаңдақ өмір жолын толық метрлі киносценарийге ұластырғаным, Жыраулық өнерді өлтірмеу үшін тыпырлап жүріп “Кино-жыр” деген жаңа жанр ойлап тауып жатқаным ешкімге керек емес. Түкіргені бар. Себебі бұларда хайп жоқ. Хайп та кәйіп та жоқ дүниелер дәл қазір мемлекетке керек емес боп тұр. Ең болмаса арқСҰРАҚТАР НАРТАЙ  ЗАМАНДАСҚА

«Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс». Абай айтқан.
Абай – тума талант, данышпан, хакім, гений, қазақтың идеалы. Нартай замандасым, Сіздің әлеуметтік желілердегі ой – толғаныстарыңыз қазіргі жастарға қызғылықты екенін байқап жүрмін.  Ой айтады, пікірлеседі. Бұл құнды. Бала кезімізде үлкен қариялар біз секілді жеткіншек кездерінде Абай өлеңдерін келген меймандардан естіп, жаттап алып айтатынбыз дейтіндері есте. “Қазақ сөзге тоқтаған” деген нақыл да бар.
Бүгінгінің жастары қандай? Сол жастардың кумирі ретінде бұл сұрағыма солардың көзқарасымен, өзіңіздің ой – толғамымызбен тоқталсаңыз?

 

 

– Қазіргінің жастары бізге түсініксіз. Бұл шындық. Біз қанша тырыссақ та оларды толық түсіне алмауымыз да  мүмкін, себебі біздің балалық пен біздің жастық шақ қазіргі жастардікінен мүлде бөлек. Біздің идеалдар, біздің құндылықтар, біздің тәрбие, біздің көргендеріміз бен көрмегендеріміз мүлде басқа. Міне сондықтан жастар мен мына біздердің һәм бізге дейінгілердің арасын байланыстырып тұрған тек аға-інілік, әке-балалық байланыс пен құрмет қана. Құрмет кетсе онда бітті дей беріңіз. Қазіргі жастар талапшыл. Қазіргі жастар бесіктен белі шықпай жатып оқып туған, бәрін біледі. Қазіргі жастар мына біздер құрметтеп келген құндылықтарға пысқырып та қарамайтын қатігез де болып көрінуі мүмкін. Себебі қарапайым ғана. Ол оған құнды емес. Бітті!
Бір мысал: Бала кезімізде жерден нан немесе нанның титтей бір қоқымын көрсек оны аялап көтеріп алып, адам аяғы баспайтын жерге апарып қоятынбыз. Жалпы біреу абайсызда түсіріп алған нан болмаса көшеде, болмаса қоқыста жатқан нан көрмейтінбіз. Ал қазір ше? Жер-жерлерде шашылып жатқан нан. Соларды иіліп теріп жүрген жас көрдіңіз бе? Жоқ. Бір тілім нанды иіліп көтеріп,  аяқ баспас жерге қойып жатқан сені көрсе, “бұл неқылған ритуал екен ей” деп түсінбей қарап тұрады жастар. Сөз басында құрмет кетсе құриды деп едім ғой. Сол құрмет құрып кетудің алдында тұр. Жастардың үлкенге деген құрметі аз. Кейбірінде тіпті жоқ. Ал сондай “жоқтар” қазір тіпті көбейіп, үлкеен бір буын боп келе жатыр. Бұл қауіпті құбылыс. Негізінде әр буын үшін артынан келе жатқан жастар әрдайым бұзық болып көрінетіні де рас. Археологиялық қазба процесінде жазуы бар бір қыш тақтайша табылады. Зерттеп келіп жіберсе осыдан мың жылдай бұрын, көне қытай тіліндегі жазба екен. Онда; “ЖАСТАР БҰЗЫЛЫП БАРАДЫ” деп жазылып тұр екен. Мың жыл бұрын! Мен теріс жақтарын тіздім. Әлі де тізе беруге болады. Бірақ оң жақтары да бар ғой. Солардың мен үшін ең құнды біреуін ғана айтайын. Ол еркіндік. Қазіргі жастар еркін. Біздің бала кезіміздегі қиялымыз Мәскеуден ары аспайтын. Бұл ең қиялшыл баланың көкжиегі болатын. Ал жәй балалар ары кетсе Алматы немесе ауыл маңынан ұзай алмайтын. Ал қазіргі жастардың қиялында шектеу жоқ. Әлемді шарлағанды былай қойып, өзге ғаламшарларда жүр. Ал қиял жеткен жерге адамның өзі де жететінін біз қазір түсіне бастадық. Неше түрлі стереотиптерден ада, неше түрлі ТАБУларды таптап өткен осы жастарды енді тек дұрыс тәрбие беріп жіберсек Абай көксеген толықадамдар шығып, Алаш арыстары армандап кеткен қоғам құруымыз бек мүмкін. Ал оларға дұрыс тәрбие берумен ата-анасы ғана емес,  бүкіл қоғам боп айналысуымыз керек. Мемлекет тарапынан үлкееен жұмыс атқарылуы керек. Қайталап айтам. Жастарға дұрыс тәрбие берілу керек. Ал ол қандай тәрбие?
Қазіргі тәрбие емес.  Жооқ.
Осындайда Ақселеу ағамыздың бір ойтолғамын айта кетейін. Марқұм ағамыз:
“біз қазіргі жас шенеуніктерді біліміне, оқығанына қарап министірліктерді басқартамыз, шетелдерде оқып келді, “болашақпен” білім алып келді деп үлкен-үлкен қызметтер береміз. Ал олар сол жерде бір жетістікке де жете алмай, не ұлтқа тигізген пайдасы жоқ, не сеніп тапсырылған ведомствоны ұшпаққа шығара алмай титықтап шаршайды. Неге? Себебі онда ұлттық өзек жоқ. Ұлттық болмысы қалыптаспаған. Сондықтан үлкен қызметті шет-елдегі оқығанына қарап емес ұлттық болмысы қандай, ұлтшылдығы қандай дәрежеде деген критериймен беру керек” деген сыңайда сөз толғап, ой тастайды.
Мен осыған толықтай келісем. Уызында ұлттық құндылыққа жарымаған мешел басқарушылар сосын Еркін Ібітановтай ақынды танымай, Әміре Қашаубайұлының телефондарын сұрап жүретіні содан. Ұлттық құндылықтарымыздың, ана тіліміздің өз деңгейіне көтеріле алмай жүргені де содан деп білем.
– Жастарға сөзіңізбен ақыл айтып, ісіңізбен де өнеге көрсетіп жүрген көшелі азаматсыз. Осы орайда мына мәселеге қалай қарайсыз? Жастарымыз жаппай мәнсапқа ұмтылуда. Мемқызметте билікке жетіп, бюджет тетігін ұстасам дегенді ашық айтатын болды. Тіптен: “Сен осылай отырғанда уақыт өте береді. Замандастарың қызметтен өсіп, ел басқарады. Қимылдау керек.” Бұл ертеңімізді сеніп тапсырмақ ойлы жастардың әлеуметтәк желідегі жазбаларының ортақ мазмұны. Олардың бәрі неліктен билікке әуес. Жеке шаруа ашып, елді өркендетуге, өздерін дамытуға да болады ғой. Әйтеуір бәрінікі тек карьера. Бастық болып, бұйрық беру.

 

 

Жастардың билікке әуес болуына кінәлі аға буын. Орта буынның да қосқан үлесі көлдей. Дамыған мемлекеттерде жастар неге ұмтылатынын білмеймін, бірақ болжаймын. Олардың идеалдары басқа. Сондықтан оларда иновация, даму, өсу бар. Илон Маск солардан шығады. Ал біздің идеал ол бастық. Тіпті біз бала кезімізден бастық болудың “жақсы” екенін “ұғып” өстік. Яғни біздің миымызға, балалық санамызға бастық болу идеясы күштеп тоғытылған.
-“менің балам кім болады? Әрине бастық болады деумен өстік. Ал бастық деген кім?
Бастық, директор, төраға, президент бұлардың бәрі негізінде мемлекеттік қызметшілер. Яғни ұлттың, елдің, мемлекеттің қызметшілері. Былайша айтқанда халықтың жалдап алған жқмысшылары. Олар сол үшін ақы алады. Бірақ ол қағаз жүзінде ғана.  Іс жүзінде қалай?
Іс жүзінде олар халықтан бөлек әлем. Оның құзіреті жүрмейтін жер жоқ. Ол мемлекеттің байлығын қалағанынша сора алатын сүлік. Тек ебін тапсаң болғаны. Олар арамызда қаптап жүр. Өңкиген-өңкиген 50-60 миллиондық джиптармен көзге түседі. Мысалы Нұр-Сұлтандағы қаптап жүрген 10 джипті тоқтатып кім отырғаның қарасаң оның кемінде сегізі шенеунік болып шығады. Олар, “қазіргі заманның қаһармандары”  ерекше өмір сүреді, тіршілік жасайды.  Көл-көсір ақшаларына мешіт салады, қайырымдылықтар жасайды, шетелдерде демалады, қымбат киінеді, керемет өмір сүреді, бала-шағалары істі болып қалса таныстығымен немесе ақша күшімен шеше салады. Бір сөзбен айтқанда біздің бастықтар шетінен супермен. Олар тіпті өздері істі болып жатса да айыбын төлеп құтылып кетеді. Тек саяси айып болмаса болды. Қалғанының бәрін шешуге болады. Міне, “қайғысыздың бәрі асау” дегендей бүгінгі заманның қаһарманы өкінішке орай осындайлар боп тұр. Енді осыны көріп өскен ұрпақ бастық болам демегенде, кім болам дейді. Жанын әрең бағып жүрген ғалым, мұғалім, инженер, жазушы болам демейтіні анық қой.
Біз, жастарға “керемет” үлгі көрсеттік. Енді сол соқпақпен жүреді олар. Қанша жүрерін бір құдай біледі. Абай атамның; “пайда ойлама ар ойласы” алдыңғы буынның санасына кірмей тұрса келер буыннан не сұрайсың. Біздің мемлекеттің тұралап тұрғанының да бір себебі осыдан.

Дүниедегі ең ұлы мұратыңыз. Қазақтық жолдан қазір арланушылар көбейді. Елімізге әртүрлі ағымдар дендеп енуде. Қаражаттары да аз емес. Әлбетте, жамандық атаулыға темір қақпа қою мемлекеттік мүдде. Бірақ оны толық шешу мүмкін емес екендігі белгілі. Ол қанша жерден қақпан қойсаң да сыналап өтетін жымысқы жолдары жетілген жобалар. Оны кіргізетін арнайы халықаралық институттар бар. Олар ашықтан-ашық айғайлап келмейді. Өз тәртібі мен жолын салып білдірмей өтеді.  Сананы улайтын бұл бағыттарға қарсы өзіміздің ұлттық иммуниететіміз болуы міндет. Сол иммунитетті қалыптастыратын өз институттарымыз жұмыс істеуі тиіс. Тәуелсіздік институты. Сіздің ұлттық құндылықтарды қолдауға арналған еңбектеріңіз бұл орайда теңдессіз. Әңгімеміздің әлқиссасын осы көкейтесті мәселелерден бастасақ.

Ең ұлы мұратым ұлт ретінде жойылып кетпейтінімізге, ешкімге құл болмайтынымызға кәміл сенімді болу. Соған анық сенсем онда ұлы арманның орындалғаны.
Иәәә, “бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды” деп хәкім Абай айтпақшы сәл толықтыра кетейін. Ақыры қозғап кеттік ғой.
Жаңағы мен айтқан сенімділікке жету үшін атқарылар шаруа шаш етектен.  Иә, жұмыс көп. Оларды тізбелеп отырмай-ақ қояйын. Ең негізгісін айтайын. Ұлт болып қалыптасып, күн сөнгенше ғұмыр кешу үшін қазақ жаппай сауатты болу керек. Әріп тану мен оқи білу сауатын айтпағанымды ұққан боларсыз. Ол басқа, улкен сауат. Міне халық осындай үлкен сауатқа жеткенде, үлкен мәдениетті болғанда сіз айтып отырған жат ағымдар мен түрлі басқа идея ұсынушылардың жемтігі болмаймыз. Олардың уына үлкен білім мен мәдениет тосқауыл болады. Осы үлкен сауат пен мәдениетке қол жеткізсек, қалғаны оңай шешілетін дүние. Дінің де, тілің де, руханиятың да, экономика мен саясатың да өз арнасын тауып өз тұғырына қонады. Ал үлкен сауат пен мәдениетке қалай жетеміз? Бұның жауабының біразын жоғарыда айтып кеттім ғой. Десек те бұл жерде де сәл тарқата айтсақ. Ұлттық идеологияны бекемдейтін кез келді. Өзіңіз айтқандай қазақылықтан арланушылардың мәселесін біржолата шешіп, кесіп тастау керек. Мысалы экономикасы алдыңғы үштікте тұрған Жапондарға, Кәрістерге, Қытайларға қараңызшы. Олар ұлттық құндылықтарын бәрінен жоғары қояды. Ұлттық жәдігерлерін аялап қастерлейді. Ұлт дүниесін түгендеп жүргендерге деген құрмет ерекше. Сондықтан оларда экономикадан да, саясаттан да биік РУХАНИЯТ тұрады. Бұл дегенің тарихқа деген құрмет. Бұл дегенің өткенге тағзым. Сен қазір тарихыңа түкірсең, ертең тарих омыртқаңды опырып, жұлыныңды үзіп жібереді. Өзегінен жерігеннің оңған кезін көрген емеспін өз басым. Оған сан мың мысал келтіруге болады. Ұлттық құндылығын түгендеп алғандар кез-келген басқа салада алдына жан салмайтыны сондықтан. Қазақылықтан жерідің екен онда сенің өзегіңе құрт түсті деген сөз. Ол сені алмай тынбайды. Оның нәтижесін ұрпағыңнан көресің.
Қазірдің өзінде сондай “өзегі қуыстардың” ұрпақтары түрлі сұмдықтарды көрсетіп жүр ғой. ЛГБТ, гомосексуализм, нашақорлық, педофилия соның бір көрінісі ғана.
Қысқасы “құдайдан-қорық, пендеден-ұял, балаң бала болсын десең-оқыт, мал аяманы” ұстанған жан аз боп тұр ғой.

 

 

Айтқан әңгімелеріңден байқағаным өзіндік қолтаңбаңыз қалыптасқан, сүрлеуі салынған. Өз өнегеңізбен өнерге, елге адал азаматтарды тәрбиелеп, жаңа қоғам азаматтарын қалыптастыруда зор еңбек етудесіз. Қазір әдебиет саласында бұрынғыдай жалпақ жұртқа айтарыңыз жетпейді. Көпке сөзіңізді өткізетін сала журналистика. Телевизия. Кеше ғана қалың көрермендері жоқтаған Бейсен Құрманбектің тағдыры соған дәлел. Демек, дуалы ауыздан шыққан асыл сөзді қабылдайтын халқымыз бар. Біздің замандастарымыз да ел қадірлеген Тұлғаға айнала бастады. Тек оларды о дүниеге кеткенде ғана мойындау күпірлік. Осы тұрғыда қазіргі сөз ұстарларды мемлекеттік деңгейдегі сыйлы азаматтар деп тануға не кедергі деп ойлайсыз? Бұл жерде Олимпиадада алтын алатын спортшылар мен сырт елдерді тәнті еткен әншілерді айтып отырған жоқпын.

Қазіргі сөз ұстарларды неге мемлекеттік деңгейде сыйламайды дейсіз. Себебі керек емес. Менің Шоқан мен Әлиханды жазғаным, оларды бұрыңғы ескі сүрлеумен емес тәуелсіздік көзқарасымен түгендеуім, еліміз мұнайлы ел ғой деп, алғашқы мұнайшы, сонау 1900 жылдары яғни Қаныш Имантайұлы атамыз бір жасқа толған шақта Бомбейдің тау-кен университетіне, тау-кен инженері мамандығына оқуға түскен Оразмағанбет Тұрмағамбетұлын іздегенім, оның ақтаңдақ өмір жолын толық метрлі киносценарийге ұластырғаным, Жыраулық өнерді өлтірмеу үшін тыпырлап жүріп “Кино-жыр” деген жаңа жанр ойлап тауып жатқаным ешкімге керек емес. Түкіргені бар. Себебі бұларда хайп жоқ. Хайп та кәйіп та жоқ дүниелер дәл қазір мемлекетке керек емес боп тұр.
Шындығында біз мемлекеттік дәрежеде хайппен айналысатын елге айналдық. Ел болып үлкен мазақстанға, сайқымазаққа айналдық. Бораттар бекерден бекер жабыспайды ғой бізге. Себепсіз жабысушы ма еді? Негізі терең толғап қарасаң біздер Боратқа рахмет айтуымыз керек. Неге дейсіз ғой? Өйткені айдаладағы Бораттың туымызды таптағаны, бізді жарымес ел қылып көрсеткенінің түбінде шындық жатыр ғой.  Осыны мойындайықшы. Біз ақиқатында абсурдстанбыз ғой. Несін жасырамыз. Ауыруыңды жасырсаң да өлім әшкерелейді дейді ғой қазақ.
Біздің өз “бораттарымыздың” жасаған залалы мен келтірген шығыны орасан зор болғаны сонша, оны тіпті есептеу мүмкін емес.
Алысқа бармай-ақ ЛРТ мәселесін алайық, соның өзі он боратқа татитын әңгіме. Маған мысалы таңдау жаса делінсе. Бір тілегің ғана бар.
ЛРТларың еш қаражаты желінбей жұмыс істеп кетеді, немесе Борат әлемнің назарында туыңды таптайды, біреуін таңда десе мен ЛРТны таңдар едім. Неге? Өйткені ЛРТ ол халықтың ақшасы. Ол қалың елдің сенімі. Ол басқаламыздың көркі әрбірден кейін. Ту-ту деп өтірік жалған патриоттықпен айналысуды қою керек. Осы АҚШтың туын таяу шығыста күніне мың рет өртеп, президенттерінің “чучелоларын” қорлап жатады ғой. Соған  АҚШтың қылы да қисаймайды. Қай америкалықты көрдіңіз сондайға кіжініп жүрген. Шынымен патриотсың ба? Онда қазақша сөйле! Бір ауыз сөз орысша араластырма.
Патриотсың ба, еліңе қызмет қыл. Патриотсың ба, көшеге қоқыс тастама. Патриотсың ба, флора мен фаунаңды көзіңнің қарашығындай сақта, итбалықты таспен төпелеме. Байғұс үйректерді катермен таптама, иттің басын есікпен жаншыма, пара алма, пара берме, темекі тұқылын тастама, қоғамдық орынды ластама, лифттерді өртеме, түкірме, қақырма. Суретке түсу үшін қаптатып  балық, қаз-үйрек, қасқырларды қырма. Фонында ақыл есің дұрыс болса сэлфилетпе. Шын патриотсың ба, мемлекеттегі әр нәрсені бағала да үлкен мемлекетшіл тұлға бол. “Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес маған керегі,
Көк тудың желбірегені”  деген әсем сөз ғана.
Ақиқатында ту дегенің елдігің. Мемлекетшілдігің. Ал сен оны баяғыда сатып жібергенсің. Жасаған опасыздықтарыңның барлық кірін сол туға сүртіп жүргеніңді білмейсің. Сөзім дәлелдірек болсын. Қай елде топастықтан жас балаларға  спид жұқтырады?
Қай елде миллиард шығын келтіргендер үйқамақта, ал 20 мың теңге алған 7 жылға кетеді?
Қай елдің депутаттары “халықты түсінбеймін осы, неге Израильге барып емделмейді, онда медицина жақсы дамыған ғой” деген жындының  сөзін айтады?
Қай елде бас банкир: “еш уайымдамаңыздар, ешқандай девальвация болмайды” дейді де ертесі доллар курсы  екі есе қымбаттап кетеді? Нәтижесінде халық бірақ түнде екі-есе кедейленіп шыға келеді.
Қай елде баламалы энергия көзі көрмесін өткізеді де, қыс бойы астанасы көмір түтінінен көз ашпайды? Қай елде ұшақ үйге соғылады?
Қай елде 5 адамды қағып өлтірген адам бір жыл өтпей тағы 3 адамды мертіктіреді? Қай елде бір партияға саяси салмақ беру үшін эстрада және спорт жұлдыздарына жүгінеді?
Қай елде жекеменшік банктер мен бизнеске мемлекеттік қолдау жасалып миллиардтаған қаражат құйылады?
Қай елде министірлер өтірік есеп беріп халқын қырып алады? Қай елде халық қырылып жатқанда, дәрі-дәрмектерді шығаруға болмайды? Қай елде мемлекеттік тілде сөйле дегенді сотқа беріп ұтып кетеді? Қай елде мемлекеттік құпияны жариялап, өзге мемлекет мүддесіне жұмыс істеген жансызды аз уақыт ішінде түрмеден шығарып алады? Қай елде мемлекеттік тілді білмейтін адам үлкен билікке қол жеткізеді?
Қай елде…
Айта берсең ауыз талады. Бітер емес. Осының бәрін көріп отырып Боратқа ренжімей-ақ қояйықшы осы.
Енді осындай елде сөзұстарлар елене ме?
Негізі елдің жағдайы өте қиын.  Шешілмеген проблемалар шаш етектен. Кез-келген салада кемшілік жетіп артылады. Ащы болса да айтайын оңып тұрған бір сала жоқ екен елімізде. Сондықтан…
Елдің көңіл-назарын негізгі проблемалардан бұру үшін биліктегілердің көз бояушылыққа баруы тарихта бар дүние. Бекерден бекер гладиаторлық ойындар болды дейсіз бе. Тіпті олимпиаданың түбірін қопарсаң осы шығуы ықтимал. Бізде қазір гладиаторлық ұрыстың орнын шоу басып тұр. Ол бізде.
Ал әлемде сол гладиаторлық жекпе-жек әлі тоқтатылған жоқ. Әлемдік бокс шоуы, UFC төбелестері осының айғағы. Қазіргі культ кім? Жаңалық ашқан, үлкен ғалым болған, ағартушы ойшылдар емес. Қазіргі культ ол Хабиб, ол Головкин, ол Тайсон, ол Макрегор. Сәтпаев, Паскаль, Шоқандарды, тіпті хазіреті Пайғамбарды білмеуі мүмкін. Бірақ Макрегордың қашан, немен айналысқанын, өмір тарихын түгел біледі.
Қызық ә?! Былай қарасаң 21 ғасырдамыз, гуманизмнің жеті атасын бөлшектеп тастағалы қай заман, өркениеттің шыңына шықтық, бірақ сол ортағасырлық жабайылықтан әлі арыла алмаппыз.
Енді ойлап көріңізші. Үлкен көз-бояушылықпен айналысып отырған жоғарыдағыларға: “өй бұларың не? Халықты алдап сансыратқанды қойсаңдаршы” дейтін адам керек пе? “Распенен таласпа” деген Абай. Ал біздің рас, біздің шындық осы боп тұр.

 

 

Мәдениеттің мәйегі кино тақырыбына тоқталсақ. Мәселен, қазақ ұлттық кино өнерінің інжу-маржаны болып саналатын «Қыз Жібектен» кейін жаппай қазақ көрермені ықыласпен қабылдаған туынды әзірге жоқ.

Шетел прокатына шығатын дүние жасай алмасақ та, таза қазақы сипаттағы төл туындыларымызды түсіруге қазір не кедергі болып отыр? Кино мәселесі сөз болса «Қазақфильмнің» тұрған жері саудаға түсе ме деген бітпейтін қауесеттен шықпаймыз. Бәлкім киностудияны басқа қалаға ауыстыру керек шығар. Голливуд пен Болливуд солай рухани жаңғырған ғой.

Нартай өзіңіз біршама киноға түсіп, сценарийлер жазып жүрген соң бұл сауалыма жан – жақты жауап берерсіз деп ойлаймын.

Бізде ашкөздік басым. Атышулы “Айка” фильмінің бюджетін айтсам күлесіз. Ал нәтиже қандай?! Бізде киноға аз ақша бөлініп жатқан жоқ. Бірақ соның көбісі желініп кетеді. Киногерлер мойындамай ренжитін шығар, бірақ менің ойым осы.
Ең бірінші фактор ол ашкөздік.
Екінші фактор ол дұрыс сценарийдің жоқтығы яки жазылмауы. (сауатты маманмен)
Үшінші фактор кастингтің дұрыс жүргізілмеуі. Баяғы сол бейнелер айналып келіп алдыңнан шыға береді. Мейлі, жақсы ойнаса шыға берсін ғой. Бірақ не ойын жоқ, не өзгеріс жоқ сол баяғы қу медиен.
Төртінші фактор жанкешті режиссер жоқ. Өз жұмысына өлгенше беріліп, әр кадр, әр мимика, әр сөз, әр актер бәрі-бәрі қадағалауда болса онда кино жаман бола қоймайды. Джеймс Камэрон болғысы келеді бәрі. Бірақ сол Камэронның еңбегін жасағысы келмейді.
Бесінші фактор: ақша талан-таражға түскесін түсіруші топ үнемдей бастайды. Ең сорақысы үнемдеуді актерлардан бастайды. Өзім білетін болғасын айтамын.
Аз ақшаға мысалы менің барғым келмейді. Мен бармағасын оқуды кеше бітірген тәжірбиесі жоқ актерды немесе одан да сұмдығы көшеден адам ала салады. Тіпті эпизод болса да ондайға жол бермеу керек. Мысалы ең оңай операцияның бірі соқыр ішекті алу дейік. Соған көшедегі көк аттыны алдырып, сіз операция жасай салсаңыз деп айта аласыз ба?Немесе тіс дәрігеріне барсаңыз ол жоқ екен делік. Бірақ кабинеті ашық. Аспаптары тұр. Сіз сондағы бір белгісіз біреуге немесе медбике-ақ болсын, “мынаны жұла салыңызшы” дейсіз бе?Жоооқ!
Үлкееен оркестр делік. 80 адам отыр. Соның ішінде білінбей кетесің деп бір музыкаға қатысы жоқ адамды домбырамен отырғызып қоя ма? Жоооқ. Оданда бір домбырашысыз шыққан артық. Ал кинода неге ондайға жол беріледі? Неге әнші де, шоумен де, квнщиктер мен теле жүргізушілер киноға түседі? Түскенімен қоймай сосын актер деп жаздырып қойып көсіле сұхбат беріп отырады. Әлеуметтік желідегі парақшасын ашып қалсаң Актер деп жазылып тұрады. Оу айналайын актер болу үшін біз 4 жыл неше-түрлі сұмдықтан өтіп оқимыз. Сонымен біте қоймайды ғой. Күнде шыңдалу, күнде қайралу, күнде тренинг, күнде вокал, күнде спектакль, тау-тау кітаптар мен пьесалар, образ іздену…
Ал оларың бір фильмге түседі де ертесі АКТЕР АКТРИСА болып отырады шіреніп.
Мен үйде анау-мынау жұмысты істей салам. Мейлі дәнекерлеу болсын, мейлі сантехника немесе токқа қатысты жұмыс болса да еркек болғасын істей саласың. Бірақ мен 6 разрядтты сварщикпін немесе білікті сантехникпін яки электрикпін демеймін ғой.  Бір адамдай-ақ көлік жүргізем. Бірақ мен кәсіби жүргізушімін демеймін ғой. Керек болса біреу-міреу ауырып қалса қандай ем-дом жасауды да білем, алғашқы көмек те көрсете алам. Бірақ мен содан дәрігермін деп отырсам кім болғаным. Сондықтан ұлы өнерге әсіресе кино өнеріне ондай қиянат жасауды қою керек. Мысалы киноның егізі театрда ондай дүние жоқ. Сен оқу бітірмеген болсаң жолатпайды да. Тіпті үздік бітіріп келсең де алдымен көпшілік сахналарда жүріп ысылуың керек. Сосын бірте-бірте рольдер ала бастайсың. Онда да эпизодтар болуы мүмкін. Ал кинода неге оған жол береміз? Кино дегенің өте нәзік өнер ғой. Кинода ірі план деген бар. Ішкі толғаныс, психопластика, мың түрлі құбылу мен кейіпкержандылық көрсету. Бұның бәрі кәсіби деген актер үшін де қиын болып жатады. Ал көшеден келген біреу немесе көкезу студент не бітіреді дейсің. Сосын отырғаның әліпті таяқ деп түсіндіріп.
Алтыншы фактор тіл.

 

Қазақ киносында сөзді дұрыс айтып жатсың ба, жоқ па қадағалап отыратын жан жоқ. Оның үстіне сценарийлердің барлығы дерлік алдымен орысша жазылады, сосын өте дөрекі түрде аударылады. Оған сауаты төмен актерды қос, оған кадрды ғана ойлап отырған режиссерды қос, сонымен қойыртпақ шығады.
Жетінші фактор ойнату тәсілі. Бізде бәрі жартыкеш көрінеді маған. Шалағай сценарийді шалағай аударып шала ойнап шала түсіріп шығады. Шеберлік жетіспейді. Мысалы сценарий бойынша А-ның әкесі өлгенін Б естіртеді. Міне осы сахнада біздің операторлар Б-ның жеткізгенін үлкен кадрмен береді. Ал Голливуд керісінше А-ның қалай қабылдағанын берер еді. Осы секілді дүниелер ғой. Яғни ньюанстар жетеді. Санай берсең жүздеген факторлар келтіруге болады, бірақ ауызды да құр шөппен сүрте беруге болмайды. Жақсы кинолар да жоқ емес. Мысалы С. Нарымбетов сынды мэтрдің қай киносын нашар деуге болады. Меніңше ешқайсысын. Бірақ елдің бәрі Нарымбетов емес қой.
Осы ретте айтарым біздің замандастарда рух жоқ. Қазақылық жоқ. Сондықтан дүбәралау комедиялар мен арзан күлкіге құрылған фильмдер шыға береді. Киногерлер әр шығармаға ұлттық құндылық призмасы арқылы қараса талай дүние оңалар еді. Жастарды былай қойып аға буынның өзінде рух пен намыс жетіспейді. Намысы бар адам “Көшпенділер” секілді ертегі түсіре ме?  Ұлы тарихымызды, ұлы тұлғаларды, әруағы асып туған хандарымызды солай қорлата ма? Елестетіңізші, мен барып  орыстың киносында Петр біріншіні, немесе АҚШ та Джордж Вашингтонды ойнап берсем қалай болар еді? Жәрайды ойнатты дейік, жап-жақсы алып шықтым дейік рольді. Бірақ жұрт сене ме соған? Әлбетте сенбейді. Бұл сорлылықтың бір көрінісі ғана.
Жалпы өзім осы салада жүргендіктен артық айтуға аузым бармай отыр. Оның себебі жетіп артыларлық. Бірін ғана айтайын: ол этикаға жатпайды. Осымен тәмәмдайын.

P.S.
Кез келген адамнан, әсіресе кеудесі орден мен медальға толғандардан: “сен ұлтың үшін не істедің” деп сұрау керек. Шын жауабы бар адам мәймөңкеге салынбай сол жерде жауап береді. Ал бітірген түгі жоқ адам әр-нәрсенің басын бір шалып оттайды келіп.
Сөйтіп оттайтындардан ада болып, шын ұлт жанашырлары ұлықталатын замандар орнасын. Тәмәм!игерушілер секілді туған Алматы шаһарын тастап қиырдағы Қызылжарға барып өнер себу, руханият насихаттау, театр ашып 14 жыл жас ғұмырды қию сынды ерен еңбек те бағаланбайды екен біздің елде. Ол жақта 2000 ның үстіндегі әр-түрлі дәрежедегі концерт спектакілдер жасап өткізгенің де, қиыр шетте жатқан кішкентай ауылдар мен бөлімшелерді өнермен суғарғаның да еленбейді екен. Есесіне біреулер “Ерен еңбегі” үшін деген марапат алады екен. Ала берсін ғой. Бірақ сенен бәленбай жас кіші баланың қай кезде “ерен-еңбек” жасап тастағанын, немесе “еңбек сіңіріп” тастағанын түсінбей дал болады екенсің.
Тіпті елбасының саған арнап айтқан сөздері де өтірік болады екен біздің елде. Біздің жанкештілк бағаланбай тұр ғой қазір. Шындығында біз мемлекеттік дәрежеде хайппен айналысатын елге айналдық. Ел болып үлкен мазақстанға, сайқымазаққа айналдық. Бораттар бекерден бекер жабыспайды ғой бізге. Себепсіз жабысушы ма еді? Негізі терең толғап қарасаң біздер Боратқа рахмет айтуымыз керек. Неге дейсіз ғой? Өйткені айдаладағы Бораттың туымызды таптағаны, бізді жарымес ел қылып көрсеткенінің түбінде шындық жатыр ғой.  Осыны мойындайықшы. Біз ақиқатында абсурдстанбыз ғой. Несін жасырамыз. Ауыруыңды жасырсаң да өлім әшкерелейді дейді ғой қазақ.
Біздің өз “бораттарымыздың” жасаған залалы мен келтірген шығыны орасан зор болғаны сонша, оны тіпті есептеу мүмкін емес.
Алысқа бармай-ақ ЛРТ мәселесін алайық, соның өзі он боратқа татитын әңгіме. Маған мысалы таңдау жаса делінсе. Бір тілегің ғана бар.
ЛРТларың еш қаражаты желінбей жұмыс істеп кетеді, немесе Борат әлемнің назарында туыңды таптайды, біреуін таңда десе мен ЛРТны таңдар едім. Неге? Өйткені ЛРТ ол халықтың ақшасы. Ол қалың елдің сенімі. Ол басқаламыздың көркі әрбірден кейін. Ту-ту деп өтірік жалған патриоттықпен айналысуды қою керек. Осы АҚШтың туын таяу шығыста күніне мың рет өртеп, президенттерінің “чучелоларын” қорлап жатады ғой. Соған  АҚШтың қылы да қисаймайды. Қай америкалықты көрдіңіз сондайға кіжініп жүрген. Шынымен патриотсың ба? Онда қазақша сөйле! Бір ауыз сөз орысша араластырма.
Патриотсың ба, еліңе қызмет қыл. Патриотсың ба, көшеге қоқыс тастама. Патриотсың ба, флора мен фаунаңды көзіңнің қарашығындай сақта, итбалықты таспен төпелеме. Байғұс үйректерді катермен таптама, иттің басын есікпен жаншыма, пара алма, пара берме, темекі тұқылын тастама, қоғамдық орынды ластама, лифттерді өртеме, түкірме, қақырма. Суретке түсу үшін қаптатып  балық, қаз-үйрек, қасқырларды қырма. Фонында ақыл есің дұрыс болса сэлфилетпе. Шын патриотсың ба, мемлекеттегі әр нәрсені бағала да үлкен мемлекетшіл тұлға бол. “Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес маған керегі,
Көк тудың желбірегені”  деген әсем сөз ғана.

 

Ақиқатында ту дегенің елдігің. Мемлекетшілдігің. Ал сен оны баяғыда сатып жібергенсің. Жасаған опасыздықтарыңның барлық кірін сол туға сүртіп жүргеніңді білмейсің. Сөзім дәлелдірек болсын. Қай елде топастықтан жас балаларға  спид жұқтырады?
Қай елде миллиард шығын келтіргендер үйқамақта, ал 200 мың теңге алған 7 жылға кетеді?
Қай елдің депутаттары “халықты түсінбеймін осы, неге Израильге барып емделмейді, онда медицина жақсы дамыған ғой” деген жындының  сөзін айтады?
Қай елде бас банкир: “еш уайымдамаңыздар, ешқандай девальвация болмайды” дейді де ертесі доллар курсы  екі есе қымбаттап кетеді? Нәтижесінде халық бірақ түнде екі-есе кедейленіп шыға келеді.
Қай елде баламалы энергия көзі көрмесін өткізеді де, қыс бойы астанасы көмір түтінінен көз ашпайды? Қай елде ұшақ үйге соғылады?
Қай елде 5 адамды қағып өлтірген адам бір жыл өтпей тағы 3 адамды мертіктіреді? Қай елде бір партияға саяси салмақ беру үшін эстрада және спорт жұлдыздарына жүгінеді?
Қай елде жекеменшік банктер мен бизнеске мемлекеттік қолдау жасалып миллиардтаған қаражат құйылады?
Қай елде министірлер өтірік есеп беріп халқын қырып алады? Қай елде халық қырылып жатқанда, дәрі-дәрмектерді шығаруға болмайды? Қай елде мемлекеттік тілде сөйле дегенді сотқа беріп ұтып кетеді? Қай елде мемлекеттік құпияны жариялап, өзге мемлекет мүддесіне жұмыс істеген жансызды аз уақыт ішінде түрмеден шығарып алады? Қай елде мемлекеттік тілді білмейтін адам үлкен билікке қол жеткізеді?
Қай елде…
Айта берсең ауыз талады. Бітер емес. Осының бәрін көріп отырып Боратқа ренжімей-ақ қояйықшы осы.
Енді осындай елде сөзұстарлар елене ме? Менің өзімді ғана мысалға алыңыз. Кәсіби маманмын. Өз ортамда әжептәуір салмағым бар. Жынды емеспін. Жаза алам. Сөйлей алам. Талай фестивальдер мен конкурстардың лауреатымын. Ең үздік жұмыс бойынша бірнеше рет марапатталғам. Бірақ жұмыссыз жүргеніме міне бақандай 5 жыл болды. Сонда үкімет айтып отырған адам капиталы мәселесі қайда? Мені марапаттамай ақ қойсын, марапат үшін жазып, медаль үшін жасамаймыз ғой жасайтынды. Ең болмаса жұмыспен қамтысаңшы. Менің ұлт болашағы үшін дайындап қойған жобаларым жетіп артылады. Соны бір ескеріп қойса қайтеді. Елбасының өзі: “Кейін астанаға кел, ол кезде Астана гүлдеп тұрады, сол жерде өнер жаса” деген еді. Ал келдім. Иесі жоқ үйге келгендей әсерде әңкі-тәңкі жүрміз әлі. Елбасына қалай шығу жолын да білмейді екенбіз. Пресс-секретарына екі-үш рет жаздым да. Еш белгі жоқ. Мұндайда Астанадан ғана емес елден кетіп қалғың келеді екен. Түсінем, біз оларға қоңыз секілді шығармыз. Бірақ бар гәп міне осыда ғой. Мен басшыға насеком болып көрінбеуім керек қой.
Негізі елдің жағдайы өте қиын.  Шешілмеген проблемалар шаш етектен. Кез-келген салада кемшілік жетіп артылады. Ащы болса да айтайын оңып тұрған бір сала жоқ екен елімізде. Жә, эмоцияны жинай тұрайын. Қызып кетіппін.
Елдің көңіл-назарын негізгі проблемалардан бұру үшін биліктегілердің көз бояушылыққа баруы тарихта бар дүние. Бекерден бекер гладиаторлық ойындар болды дейсіз бе. Тіпті олимпиаданың түбірін қопарсаң осы шығуы ықтимал. Бізде қазір гладиаторлық ұрыстың орнын шоу басып тұр. Ол бізде.
Ал әлемде сол гладиаторлық жекпе-жек әлі тоқтатылған жоқ. Әлемдік бокс шоуы, UFC төбелестері осының айғағы. Қазіргі культ кім? Жаңалық ашқан, үлкен ғалым болған, ағартушы ойшылдар емес. Қазіргі культ ол Хабиб, ол Головкин, ол Тайсон, ол Макрегор. Сәтпаев, Паскаль, Шоқандарды, тіпті хазіреті Пайғамбарды білмеуі мүмкін. Бірақ Макрегордың қашан, немен айналысқанын, өмір тарихын түгел біледі.
Қызық ә?! Былай қарасаң 21 ғасырдамыз, гуманизмнің жеті атасын бөлшектеп тастағалы қай заман, өркениеттің шыңына шықтық, бірақ сол ортағасырлық жабайылықтан әлі арыла алмаппыз.
Енді ойлап көріңізші. Үлкен көз-бояушылықпен айналысып отырған жоғарыдағыларға: “өй бұларың не? Халықты алдап сансыратқанды қойсаңдаршы” дейтін адам керек пе? “Распенен таласпа” деген Абай. Ал біздің рас, біздің шындық осы боп тұр.

Мәдениеттің мәйегі кино тақырыбына тоқталсақ. Мәселен, қазақ ұлттық кино өнерінің інжу-маржаны болып саналатын «Қыз Жібектен» кейін жаппай қазақ көрермені ықыласпен қабылдаған туынды әзірге жоқ.
Шетел прокатына шығатын дүние жасай алмасақ та, таза қазақы сипаттағы төл туындыларымызды түсіруге қазір не кедергі болып отыр? Кино мәселесі сөз болса «Қазақфильмнің» тұрған жері саудаға түсе ме деген бітпейтін қауесеттен шықпаймыз. Бәлкім киностудияны басқа қалаға ауыстыру керек шығар. Голливуд пен Болливуд солай рухани жаңғырған ғой.
Нартай өзіңіз біршама киноға түсіп, сценарийлер жазып жүрген соң бұл сауалыма жан – жақты жауап берерсіз деп ойлаймын.

Бізде ашкөздік басым. Атышулы “Айка” фильмінің бюджетін айтсам күлесіз. Ал нәтиже қандай?! Бізде киноға аз ақша бөлініп жатқан жоқ. Бірақ соның көбісі желініп кетеді. Киногерлер мойындамай ренжитін шығар, бірақ менің ойым осы.
Ең бірінші фактор ол ашкөздік.
Екінші фактор ол дұрыс сценарийдің жоқтығы яки жазылмауы. (сауатты маманмен)
Үшінші фактор кастингтің дұрыс жүргізілмеуі. Баяғы сол бейнелер айналып келіп алдыңнан шыға береді. Мейлі, жақсы ойнаса шыға берсін ғой. Бірақ не ойын жоқ, не өзгеріс жоқ сол баяғы қу медиен.
Төртінші фактор жанкешті режиссер жоқ. Өз жұмысына өлгенше беріліп, әр кадр, әр мимика, әр сөз, әр актер бәрі-бәрі қадағалауда болса онда кино жаман бола қоймайды. Джеймс Камэрон болғысы келеді бәрі. Бірақ сол Камэронның еңбегін жасағысы келмейді.

Бесінші фактор: ақша талан-таражға түскесін түсіруші топ үнемдей бастайды. Ең сорақысы үнемдеуді актерлардан бастайды. Өзім білетін болғасын айтамын.
Аз ақшаға мысалы менің барғым келмейді. Мен бармағасын оқуды кеше бітірген тәжірбиесі жоқ актерды немесе одан да сұмдығы көшеден адам ала салады. Тіпті эпизод болса да ондайға жол бермеу керек. Мысалы ең оңай операцияның бірі соқыр ішекті алу дейік. Соған көшедегі көк аттыны алдырып, сіз операция жасай салсаңыз деп айта аласыз ба?Немесе тіс дәрігеріне барсаңыз ол жоқ екен делік. Бірақ кабинеті ашық. Аспаптары тұр. Сіз сондағы бір белгісіз біреуге немесе медбике-ақ болсын, “мынаны жұла салыңызшы” дейсіз бе? Жоооқ!
Үлкееен оркестр делік. 80 адам отыр. Соның ішінде білінбей кетесің деп бір музыкаға қатысы жоқ адамды домбырамен отырғызып қоя ма? Жоооқ. Оданда бір домбырашысыз шыққан артық. Ал кинода неге ондайға жол беріледі? Неге әнші де, шоумен де, квнщиктер мен теле жүргізушілер киноға түседі? Түскенімен қоймай сосын актер деп жаздырып қойып көсіле сұхбат беріп отырады. Әлеуметтік желідегі парақшасын ашып қалсаң Актер деп жазылып тұрады. Оу айналайын актер болу үшін біз 4 жыл неше-түрлі сұмдықтан өтіп оқимыз. Сонымен біте қоймайды ғой. Күнде шыңдалу, күнде қайралу, күнде тренинг, күнде вокал, күнде спектакль, тау-тау кітаптар мен пьесалар, образ іздену…
Ал оларың бір фильмге түседі де ертесі АКТЕР АКТРИСА болып отырады шіреніп.
Мен үйде анау-мынау жұмысты істей салам. Мейлі дәнекерлеу болсын, мейлі сантехника немесе токқа қатысты жұмыс болса да еркек болғасын істей саласың. Бірақ мен 6 разрядтты сварщикпін немесе білікті сантехникпін яки электрикпін демеймін ғой.  Бір адамдай-ақ көлік жүргізем. Бірақ мен кәсіби жүргізушімін демеймін ғой. Керек болса біреу-міреу ауырып қалса қандай ем-дом жасауды да білем, алғашқы көмек те көрсете алам. Бірақ мен содан дәрігермін деп отырсам кім болғаным. Сондықтан ұлы өнерге әсіресе кино өнеріне ондай қиянат жасауды қою керек. Мысалы киноның егізі театрда ондай дүние жоқ. Сен оқу бітірмеген болсаң жолатпайды да. Тіпті үздік бітіріп келсең де алдымен көпшілік сахналарда жүріп ысылуың керек. Сосын бірте-бірте рольдер ала бастайсың. Онда да эпизодтар болуы мүмкін. Ал кинода неге оған жол береміз? Кино дегенің өте нәзік өнер ғой. Кинода ірі план деген бар. Ішкі толғаныс, психопластика, мың түрлі құбылу мен кейіпкержандылық көрсету. Бұның бәрі кәсіби деген актер үшін де қиын болып жатады. Ал көшеден келген біреу немесе көкезу студент не бітіреді дейсің. Сосын отырғаның әліпті таяқ деп түсіндіріп.
Алтыншы фактор тіл.
Қазақ киносында сөзді дұрыс айтып жатсың ба, жоқ па қадағалап отыратын жан жоқ. Оның үстіне сценарийлердің барлығы дерлік алдымен орысша жазылады, сосын өте дөрекі түрде аударылады. Оған сауаты төмен актерды қос, оған кадрды ғана ойлап отырған режиссерды қос, сонымен қойыртпақ шығады.
Жетінші фактор ойнату тәсілі. Бізде бәрі жартыкеш көрінеді маған. Шалағай сценарийді шалағай аударып шала ойнап шала түсіріп шығады. Шеберлік жетіспейді. Мысалы сценарий бойынша А-ның әкесі өлгенін Б естіртеді. Міне осы сахнада біздің операторлар Б-ның жеткізгенін үлкен кадрмен береді. Ал Голливуд керісінше А-ның қалай қабылдағанын берер еді. Осы секілді дүниелер ғой. Яғни ньюанстар жетеді. Санай берсең жүздеген факторлар келтіруге болады, бірақ ауызды да құр шөппен сүрте беруге болмайды. Жақсы кинолар да жоқ емес. Мысалы С. Нарымбетов сынды мэтрдің қай киносын нашар деуге болады. Меніңше ешқайсысын. Бірақ елдің бәрі Нарымбетов емес қой.

 

Осы ретте айтарым біздің замандастарда рух жоқ. Қазақылық жоқ. Сондықтан дүбәралау комедиялар мен арзан күлкіге құрылған фильмдер шыға береді. Киногерлер әр шығармаға ұлттық құндылық призмасы арқылы қараса талай дүние оңалар еді. Жастарды былай қойып аға буынның өзінде рух пен намыс жетіспейді. Намысы бар адам “Көшпенділер” секілді ертегі түсіре ме?  Ұлы тарихымызды, ұлы тұлғаларды, әруағы асып туған хандарымызды солай қорлата ма? Елестетіңізші, мен барып  орыстың киносында Петр біріншіні, немесе АҚШ та Джордж Вашингтонды ойнап берсем қалай болар еді? Жәрайды ойнатты дейік, жап-жақсы алып шықтым дейік рольді. Бірақ жұрт сене ме соған? Әлбетте сенбейді. Бұл сорлылықтың бір көрінісі ғана.
Жалпы өзім осы салада жүргендіктен артық айтуға аузым бармай отыр. Оның себебі жетіп артыларлық. Бірін ғана айтайын: ол этикаға жатпайды. Осымен тәмәмдайын.

P.S.
Кез келген адамнан, әсіресе кеудесі орден мен медальға толғандардан: “сен ұлтың үшін не істедің” деп сұрау керек. Шын жауабы бар адам мәймөңкеге салынбай сол жерде жауап береді. Ал бітірген түгі жоқ адам әр-нәрсенің басын бір шалып оттайды келіп.
Сөйтіп оттайтындардан ада болып, шын ұлт жанашырлары ұлықталатын замандар орнасын. Тәмәм!

Нартай, біраз тақырыпты қаузадық. Орта буында есімін елге танымал болған тұлғасыз. Сөзіңізді саралай келе, қазіргі орта жастағы, тұрмыстары әлеуметтік зерттеулерде ортадан жоғары саналатын көзіқарақты азаматпен сұхбатымыздан бүгіннің замана сырын байқадым. Рахмет. Шығармашылық табыстар мол болсын. «Кемедегінің жаны бір» дегендей адамзат баласының болашағына үлкен қауіп төндірген пандемиядан аман шығайық. Ел үшін деген замандастарыңыздың еңбегі рухани жаңғырумыздың мәйегі болсын.

 

 Махат Садық

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.