1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Жамбыл аудандық орталық емханасының дәрігерлері күні бойы «Ашық есік күнін» өткізіп, денсаулығына шағымымен қайырылған тұрғындарды қабылдады.

Тұрғындарға кардиолог, невропатолог, оташы, акушер-гинеколог, ВОП, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету, және сауықтыру бөлімінің ақ халаттары қызмет көрсетіп, кеңес берді.

Орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың айтуынша, мейірім мерекесіне ұйымдастырылған шараға қараша халықтың қарасы қалың болған.

– Бүгін 180 азаматқа көмек көрсеткен дәрігерлер тек кеңес беріп қана қоймай, олардың денсаулықтарын тексеріп, сырқаудың нақты анықтамалары тұралы қажетті ақпарат берді. Сондай-ақ тұрғындарға айтулы мерекеге орай сый-сияпаттар үлестірілді, – дейді Нұрмахан Досмұханұлы.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз