Президенттің ағасы қамалған

Иран президентінің ағасы Хуссейн Ферейдун қаржылық қылмыс бойынша айыпталып, 16 шілдеден бастап қамауға алынған. Алайда, 8,3 миллион доллар кепіл ақша беріліп, қамаудан шығарылды.

220 жазықсыз құрбан

Дональд Трамп тұсында ДАИШ мемлекеті бақылайтын аудандарға әскерилер шабуыл жасау кезінде зардап шеккен бейбіт тұрғындардың саны өскен. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Трамп билікке келген 6 ай ішінде жүргізілген әуе соққыларының салдарынан 220 жазықсыз адам көз жұмған. Жалпы бір айда 360 өлім тіркелген. Бұл Обама билік еткен жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда едәуір көп.

«Менің арманым»

Қазақстанда 20 шілдеден бастап жылдың соңына дейін 14-29 жас аралығындағы жастарға арналған «Менің арманым» конкурсы өтеді. Конкурстың басты мақсаты – Қазақстан жастарының әлеуметтік белсенділігін, сыни және шығармашылық тұрғыда терең ойлауын дамыту. Негізгі міндеттері бойынша Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласында белгіленген бағыттағы жобаларды қолдау үшін өткізілмек.

Этнографиялық керуен

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне аттанған «Көне Тараздан – асқақ Астанаға» атты этнографиялық керуен Қарағанды қаласынан бас қалаға бағыт алды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қор болмағанда қор болғандай екен…

Баспанасы суда қалып, мүлкі бүлінген ақтөбеліктерге бюджеттен тек 19 миллион теңге төленеді. Ақтөбе қаласындағы су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары әлі жалғасып жатыр. Негізгі шығын қайырымды жандардың көмегімен жабылды. Әсіресе, «Қолқанат Ақтөбе» қорына 168 миллион теңге түсіп, қазіргі уақытта баспанасы қирап қалған 89 отбасы жаңа ауданда тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр.

Қала қоржыны 645,2 млрд. теңгеге қампиған

Алматы қалалық әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, мегаполисте бұл күнде 171,5 мың шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істейді, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында олардың саны 5 пайызға артқан. Қалада салық түсімі де молайған. Республикалық бюджетке 645,2 млрд. теңге түскен бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға (51,1 млрд. теңге) көп.

Бас прокурорының орынбасары

Мемлекет басшысының Өкімімен Андрей Николаевич Кравченко Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз