Facebook-тегі парақшасында ел халқын мұсылмандар үшін қасиетті мерекенің бірі – Ораза айтпен құттықтаған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева: «Мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекелердің бірі – Ораза айт құтты болсын! Адамзат баласын сабыр мен кешірімге, қанағат пен қайырымға шақырып, рухани жаңаруға үндейтін қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Осы айда ораза ұстап, амал жасаған барша азаматтардың дұға-ниеттерінің қабыл болуын тілеймін. Ораза айтта – әрбір мұсылман көмекке мұқтаж жандарға кеңінен қолдау көрсетіп, сауабы мол игі істер жасайды. Өкінішке орай, биылғы Ораза айт да карантиндік шектеулер жағдайында келіп тұр. Қажетті сақтық шараларын сақтап, төзімділік танытсақ, келер жылдың Ораза айтын қалыпты жағдайда қарсы аламыз деп үміттенемін. Өкпе-ренішті ұмытып, қате-кемшіліктерді кешіруге үндейтін Ораза айтында баршаңызға зор денсаулық, отбасы

амандығы мен бақ-береке тілеймін. Халқымыздың бірлігі нығайып, рухани ынтымағы арта берсін. Айт мүбәрак болсын!» – деп жазды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз