Дауыс санаудың соңғы қорытындысын жариялаған Парсы елінің Ішкі істер
министрі Абдолрахман Фазли: «Президенттік сайлау науқанына дауыс беру
құқығы бар 59 миллион 310 мың 307 сайлаушыдан 28 миллион 933 мың 4
адам қатысты, бұл 48,8 пайыз. Эбрагим Раиси 17 миллион 926 мың 345 дауыс
жинап, Иран президенті болып сайланды», – деп мәлімдеді. Айта кетсек,
өткен аптаның жұма күні Иранда президент сайлауы өтті. Соңғы ресми
қорытындыға сәйкес, сайлауда Ирандағы сот билігінің басшысы Эбрахим
Раиси 62 пайыз дауыс жинаған. Раисидің барлық бәсекелестері қорытынды
шықпай тұрып-ақ оның жеңгенін мойындаған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз