Елордада «СК-Фармация» ЖШС-нің экс-басшысы Берік Шәріпке қатысты іс бойынша сот талқылауы жалғасуда. Сот Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы, 287-баптың 2-бөлігі бойынша, сондай-ақ қорғаныс костюмдерінің жетіспеуінен 2020 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында Қазақстандағы дәрігерлердің жаппай жұқтыруына әсер етті деп айыптауда. Сотта үйқамақта отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Қазақстанда төтенше жағдай кезінде дәріханаларда дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне Берік Шәріптің кінәсі жоқ. Оған тағылған  айыптаулар орынсыз,  өйткені өткен жылдың көктемінде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде медициналық құралдарының, оның ішінде дәрігерлерге арналған жеке қорғаныш костюмдерінің (ЖҚК) тапшылығына байланысты дағдарысты жағдай қалыптасты. Біз жеке қорғаныс құралдарын экспорттауға Ресей Федерациясының, Иран, Пәкстан, Үндістан, Түркия тыйым салғанын көрдік. Жалғыз балама ҚХР болды. «СК-Фармацияда» костюмдердің сапасын тексеру міндеті тұрды. Іс жүзінде бұл жұмыс тәулік бойы жүргізілді. Ақауы бар ЖҚК жеткізілген кезде алаяқтар көп болды. Наурыз айының ортасында Президенттің төтенше жағдай кезінде арнайы жұмыс механизмі, оның ішінде сатып алу тетіктері қажет деген Жарлығы шығып, Тоқаев шенеуніктерге бюрократиядан қорықпай тез шешім қабылдауды тапсырды. Біз шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Берік Шәріпұлы бізге жүгінді. Мен қорықпауды айттым, өйткені президент бұйрық берді. Мен барлық шешімдерді штаб отырысына жіберуді сұрадым. Штаб өңірлермен күн сайын дерлік (кеңестер өткізді), күні бойы штабты министрлік деңгейінде байланыстырды. Былтырғы көктемде Қазақстанға қорғаныс костюмдерін жеткізудің тоқтауы «СК-Фармацияның» кінәсінен емес, оған сол кезде Қазақстанмен жұмыс істеп, келісімшарт талаптарын орындамаған Қытай тарапы кінәлі. Мен «СК-Фармация» мен Берік Шәріптің костюмдерді жеткізуді  әдейі тоқтатпағанына сенімдімін. Ол форс-мажор, яғни Қытайдағы процестердің бұзылуынан болды. Қытай тарапы Қазақстанмен  келісімшарт талаптарын бұзды. Тиісінше, қазақстандық тарап «СК-Фармациямен» жеткізу мерзімін бұзды. Бұл азаматтық-құқықтық қарым-қатынас. Рас, жеткізілімдерді жеделдету үшін «СК-Фармация» тез әрекет етті. Біз асығыс едік, өйткені, барлық елшілер бүкіл әлем бойынша мата мен маска іздеді. Сондықтан біз келісім тауып, іс-әрекет жасасақ, бұл Берік Шәріпұлының жеке кінәсі емес деп санаймын. Керісінше, ол Қазақстанға ЖҚК жеткізуді жеделдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Берік Шәріпұлы – сауатты кәсіби басқарушы. Оған қиын болды. Кейде ол бұл қызметтен кеткісі келді, бірақ мен оған: «Мұны кім жасайды?» – дедім. Менің ойымша, ол жақсы істеді. Коронавирус кезінде біз онымен және басқа жігіттермен әңгімелескенімізде осындай жауапты шешімдер қабылдайтынымызды, бірақ қағаз рұқсаттар бізді кешіктіретіні туралы айтатынбыз. Мен: «Жігіттер, шешім қабылдау керек, президент айтып жатыр», – дедім. Берік: «Біз сосын тергеуге алынуымыз мүмкін», – деді. Мен оны: «Олай болмайды», – деп сендірдім. Өкінішке қарай, мен қателестім, оған өкінемін», – деп, Берікке жағымды мінездеме берді. Бірақ, оның сөзін сот құп ала ма, мәселе сонда.

Дайындаған — Ермек Сахариев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз