Қордай ауылдық округінен орын тепкен Николай Сидоренко басқаратын «Алмарасан» шаруа қожалығы 2004 жылы құрылған. Бүгінде егін және мал шаруашылығын жүргізуде тәжірибесі мол Николай Михайлович қолға алған кәсібін сәтті дөңгелетіп келеді. Қазіргі таңда шаруа қожалығында 300 бас мүйізді қара мал бордақыланып, сүт және ет бағытында байланып отырған 180 бас сиыр бар. Мұнымен қоса агроқұрылымның тамшылатып суғару технологиясы орнатылған жеміс бақтары, дәнді дақыл алқаптары мен қажетті техникасы тағы бар.

Жуырда шаруа қожалығы мемлекеттік қолдаудың арқасында лизингіге сусорғы мен дизельдік қозғауышы бар жаңбырлатып суғару қондырғысын алған. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудан кәсіпкерлеріне аталмыш жаңбырлатып суғару қондырғысын сатып алуды арнайы құрылған чат арқылы ұсынды. Біз біраз ойланып, қондырғыны аламыз деген шешімге келдік», – дейді шаруа қожалығының басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз