ЭКСПO көрмесiне келушiлер саны миллионға жуықтап қалды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК Басқарушы директоры Бейбiт Қарымсақов «ЭКСПO — 2017» көрмесiнiң 1 айлық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
«Бiр айда, 10 маусым мен 10 шiлде аралығында көрмеге барлығы 921 293 адам келдi. Миллионыншы адам ертең түстен кейiн сағат 17-19 сағат аралығында келедi деген болжам бар. Ал көрмеге кiрiп-шығу саны 5 млн. 960 212-ге жеттi. Адамдар ең көп тамашалаған павильон — «Нұр әлем», оған 303 мыңнан астам адам келген», — дедi Қарымсақов.
Басқарушы директордың айтуынша, көрменi 130 мың шетелдiк тамашалаған, бұл барлық келушiлердiң 14 пайызын құрайды. Қонақтар негiзiнен Ресей, Германия мен Қытайдан келген. Ал жеңiлдiктi 160 мыңға жуық адам пайдаланып, көрменi тамашалаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз