«Астана ЭКСПО — 2017» ҰК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 шілде сағат 12:58-де халықаралық мамандандырылған көрменің 1,5 миллионшы қонағы тіркеліпті. Естеріңізде болса, ЭКСПО-ның басталғанына бір ай болған күні, нақтырақ айтқанда, 11 шілдеде көрмені миллион адам тамашалады деп сүйіншілеген едік. Мінеки, араға шамамен екі апта уақыт салып қонақтар саны тағы 500 000 адамға көбейсе, оның жартысынан көбі, яғни 285 300 адам 12-19 шілде аралығында ЭКСПО қалашығына мойын бұрған. Жаһандық шараның басы-қасында жүрген сарапшы-мамандардың сөзіне сенсек, орта есеппен күніне 40 757 қонақ келетін көрмедегі халық көп баратын павильондар қатарына Африка Плазасы, Мысыр мен Үндістан елдерін жатқызуға болады. Сондай-ақ, өзіміз куә болған павильондар қатарында Ресей, Жапония, Германия, Тайланд және ең бастысы, Қазақстан павильоны орналасқан «Нұр әлем» сфералық ғимаратын қонақ ең көп келетін, тіпті, есігінің алдында ұзын-сонар кезектің үнемі болатынын айта кеткен жөн.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз