Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы Берел қорғанында табылған тарихи жәдігерге қатысты топтың жетекшісі түсінік берді. «Жәдігерді «Алтын адам» деудің қажеті жоқ. Ақпарат асығыс тарап кеткен болуы керек. Біз зерттеп жатқан орын ежелгі тоналып кеткен қорған. Соның ішінен ежелде өмір сүрген әйел адамның бас киімінің қалдықтары табылды. Тоны, белбеуінің қалдықтары сақталып қалыпты. Әбзелдерімен бірге екі аттың қалдықтары табылды. Әлі қазба жұмыстары аяқталған жоқ», — дейді Зейнолла Самашев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз