Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: «Тамыздың 28-і күні Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматы облысы, Жамбыл ауданы «Көкбастау» атшабарында Конституция күніне және Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО — 2017» көрмесіне орай ҚР Президентінің жүлдесі үшін ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өтті. Бұл шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған негізгі идеяны жүзеге асырудың бірден-бір жарқын көрінісі болды. Жарысқа еліміздің түкпір-түпкірінен және көрші мемлекеттерден жалпы саны 200-ден астам сәйгүлік қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз