Тамыздың 27 жұлдызында елордада ШЫҰ Халықаралық марафоны болып өтті. Жарыстың ақтық мәресінде 42 шақырым 195 метр қашықтыққа жүгіруден спортшы әйелдер мен еркектер арасында жеңімпаздар анықталды. Бірінші орын жеңімпазы 13000 АҚШ долларын ұтып алса, екінші орын иегері 6000 АҚШ долларын алды, үшінші орын иегерлеріне сертификаттар мен 4000 АҚШ доллары табыс етілді. Спорттық сайысқа шамамен 5 мыңдай адам қатысты. Олардың қатарында Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы секілді лауазымды тұлғалар болды. Жалпы алғанда, ШЫҰ Халықаралық марафоны және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі елдің түрлі өңірлерінен 5600 адамды жинады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз