Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова: «Елiмiздегі дәрi-дәрмек түрлерінің 70 пайызы отандық дәрiлер, бiрақ олардың құны өте арзан, 30-ақ пайыз. Ал бағасы қымбат, инновациялық жаңа дәрiлер, өкiнiшке қарай, тек шетелден импортталып әкелiнедi. Осылайша, үкiметiмiз 70 пайыз ақшасын шетелдiк дәрiге жұмсайды. Ендi елiмiзде жаңа дәрiлердi сатылымға шығару үшiн олар тiркелiп, бағасы да сол кезде бекiтiледi. Дәрiлердi Алматыда орналасқан ДСМ қарамағындағы Ұлттық тiркеу орталығы тiркейдi. Тiркеу халыққа ашық түрде және қысқа мерзiмде жасалмақ. Бiз дәрi-дәрмек бағасын заң бойынша реттемекпiз. Заңға сәйкес, мысалы, Қазақстанда жаңа дәрi тiркелсе, оның бағасы сол кезде бекiтiледi. Сол белгiленген бағадан қымбат сатуға ешкiмнiң құқығы болмайды. Бұл бiз үшiн үлкен прогресс. Тiркелгенде барлығы өз формуласымен есептеледi. Онда жол, логистика, кеден, барлық шығындар қарастырылады. Тiркеушi ұйым дәрiнiң шығындарын ақтайтындай, сондай-ақ, халыққа аса үлкен ауыртпашылық жүктемейтiндей етiп бағаны бекiтедi. Ал сатып алушыларға, жеке дәрiханаларға дәрiнi белгiленген бағадан қымбат сатуға болмайды. Сәйкес заң қабылданса, 2018 жылдан бастап осы өзгерістi енгiземiз. Дегенмен, елiмiзге шетелден әкелiнетiн дәрi бағасын қатты арзандата алмаймыз. Себебi, Түркия дәрi бағасын тым арзандатып жiбергеннен кейiн басқа елдер дәрiлерiн сатудан бас тартты»,— дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз