Алматыда құл болудан әбден шаршап, басшылықтың өздерін құл сияқты ұстайтынын айтып үлкен шу шығарған жолсеріктер КТК арнасына: «Мекеме артығымен жұмыс істеткенмен, ол үшін артық ақша төленбейді. Жалақы аз, тіпті, сол аз жалақының өзі ай сайын негізсіз қысқартылады. Мәселен, жоспар орындалмады деп қысқартады.  Қит етсе жазаға ілініп, жұмысқа жегілеміз. Бір жолаушы арыз жазса, бірден жұмыстан шығарады. Вагонның едені мен дәретханасын жуып шаршадық. Келісім-шартта жазылған денсаулыққа келген зиянға берілуі тиіс өтемақы берілмейді. Ең қиыны, тиісті еңбек демалысын дер кезінде ала алмадық. Бұл адамды қудалау ғой. Мұнымен қоймай, әбден басынған «Жолаушылар тасымалы» әр сапар сайын жолсеріктерден ақша жинап алады. Біз ең болмаса өз айлығымызды түгелдей берсе дейміз. Мұны талап етіп, басшыларға да, құзырлы орындарға да бардық. Алайда, ешкім ешқандай шара қолданбады»,— деп, «Жолаушылар тасымалы» мекемесіне деген қара қазандай өкпелерін жеткізді. «Қазақстан темір жолы» басшылығы болса бәрін жоққа шығарып отырғандықтан, шыдамы шегіне жеткен қызметкерлер енді халықаралық ұйымдарға жүгінеміз деп бекініп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз