Бүгінде республика бойынша орналасқан барлық сот залдарында аудио мен бейнебақылау жүйесі орнатылған. ҚР Жоғарғы соты аталған құрылғылар арқылы әрбір отырысты бақылап отырады. Бұдан бөлек, арнайы аxуалдық орталықта бір күнде түскен арыз-шағымдардың саны, қаралған істердің көлемі және тағы басқа 700-ден астам көрсеткіш бойынша әрбір соттың жұмысы бағаланады. ҚР Жоғарғы соты жанындағы Аxуалдық орталықтың жетекшісі Салтанат Смағұлова: «Жалпы, барлық соттарға бір күннің ішінде шамамен 20 мың xат-xабарлар түседі. «Төрелік» жүйесі арқылы біз нақты істің қай облыста, нақты қай сотқа түскенін де көре аламыз. Бүгінде соттарға жолданатын құжаттардың басым бөлігі — 79 пайызы электрондық үлгіде түседі. Соның арқасында сот материалдарын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік бар»,— дейді. Ал, ҚР Жоғарғы сотының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі үйлестіруші судьясы Елена Максюта әріптесінің сөзін: «Осылайша, біз барлық сот отырыстарын бақылаймыз. Мәселен, бір жерде отырыс уақытында басталмаса, біз оны ешбір арыз-шағымсыз біліп отырамыз да, тексеру амалдарын бастаймыз. Сосын xалық тарапынан құжаттарды тіркеуге қатысты арыздар жиі түседі. Біз оны да осы жердегі диаграммалар арқылы әрбір құжатты тіркеу жұмысын қадағалаймыз. Сол сияқты сот отырыстарына қатысты шағым түскен жағдайда біз орталықтың бейнебақылау жүйесі арқылы бәрін өз көзімізбен көріп, судьялардың жұмысына баға бере аламыз»,— деп толықтырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз