Tolo News басылымы: «Ауғанстан астанасының әуежайында ұшырылған зымыранға қатысты жағдайды «Талибан» радикалдық қозғалысы өз мойнына алды. Әуежайда 20-30 зымыран ұшырылған еді»,— деп хабарлайды. Басылымның мәліметінше, НАТО мен Пентагон басшылары өткен апта соңында Кабулға барған. Өз кезегінде Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің өкілі Наджиб Даниш бірнеше зымыранның Кабул әуежайының маңына құлағанын, бірақ ешкімнің зардап шекпегенін айтты. Кабулда өткен баспасөз конференциясы барысында қорғаныс министрі Джеймс Мэттис: «Әлемнің кез келген жерінде халықаралық әуежайға шабуыл жасау — террористер тарапынан жасалынатын қылмыс. «Талибанның» немен айналысатыны бұрыннан белгілі ғой»,— деген мәлімдеме жасаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз