Үкімет отырысында еліміздің Бас ұстазы Ерлан Сағадаиев: «Біз мұғалімдер мен тәрбиешілердің баласын балабақшаға қабылдаған кезде жеңілдіктер енгізуді ұсынып жатырмыз. Әскерилерге осындай жеңілдіктер қарастырылған. Балабақшалардың саны өсіп келеді, орын жеткілікті. Сондықтан біз жоғарыда аталған норманы енгізу бастамасын көтереміз», — деді. Осы ұсынысы арқылы басынан дау-дамай кетпей келе жатқан министр қоғам мүшелерінің алдында бәсін арттырып алғысы келген сынды. Реформатор Ерлан Сағадиев тағы да мұғалімдердің әлі күнге дейін қағазбастылықтан құтыла алмай отырғанын атап өтіп: «Қазіргі таңда бүкіл қажетті ақпарат министрліктің ұлттық білім беру деректер базасында бар. Осы деректер базасы ұстаздарды қосымша жұмыстан босатуға септігін тигізеді»,— деген ойын да жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз