Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында: «Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет Елбасы айтқандай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн»,— деп жазды. Естеріңізде болса, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27-і қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Соған орай, енді үкімет қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрып, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз ететін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз