Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова дөңгелек үстел басына жиналғандарға: «20 жыл колледж басшысы болғандықтан, колледждердегі проблема маған таныс. Оқу жүргізу үшін алдымен лицензия алу керек. Оны аларда бәріміз жабылып мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін жұмыс істейміз. Ал колледж мұғалімдерінің жалақысы неге олардың санатына қарай есептелмейді? Сондықтан лицензия біліктілікке қарай емес, мамандыққа қарай берілуі керек. Бұл оңтайлы, қағазбастылықтан құтқарды. Сондай-ақ, колледж мұғалімдерінің алатын жалақысы аз. Соңғы жылдары колледждерге бюджеттен қаржы бөлінбеген. Олардың материалдық-теxникалық базасы 40 пайызға дейін төмендетілген. 2014 жылдан бері бюджеттен мүлде қаражат бөлінген жоқ десе болады. Сенесіздер ме, комбайн жүргізушісін дайындап жатқан колледжде бірде-бір комбайн жоқ. Ал жоғарыда тұрған билік тарапынан қойылатын тосқауылдың бәрін жойса, колледждер өзін-өзі қаржыландыра алады, бұған сенімдімін. Қазіргі таңда біздің бала тағдырымен, адам тағдырымен ойнап жатқан жағдайымыз бар. 2018-2020 жылдарға арнап қаржы бөлу туралы өз ұсынысымызды бердік. Бірақ қолдау тапқан жоқ», — деген деректерді мысалға келтіріп, өз күйінішін жасырмады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз