Астанада өткен Бизнесті қорғау бойынша II форумда «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев: «Біз жыл сайын кәсіпкерлерден өтініш жинап, оны жүйелендіреміз. Кәсіпкерлік мәселесінде – мемлекеттік қызметкерлердің рөлі зор, сондықтан олардың жауапкершілігі де өте маңызды. Кейбір мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасайды. Біз Бас прокуратураны осы мәселеге назар аударуға шақырамыз. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірігіп жұмыс істеудеміз. Ондағы мақсат – кері байланыс орнату. Мысалы, салық қызметкерлері кәсіпкерлерге салықты төлеу бойынша талапты жоғарылатады. Салдарынан ол іс сотқа барады. Адамдар уақытын, қаржысын жоғалтады. Олар өз ісімен айналысудың орнына мемлекеттік органдардың айыптарын теріске шығарумен болады. Бүгінде мемлекеттік қызмет туралы заңда олардың өз жұмысында неге жауап беретіні жөнінде нормалар көрсетілген. Бірақ, өкінішке қарай, іс-жүзінде кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргендері дәлелденген жағдайда оларға әкімшілік, тәртіптік жаза ғана қолданылады. Заңда осындай азаматтарға қатысты жазаны күшейту керек. Себебі, кәсіпкерлер өздерінің заңмен қорғалатынын сезінуі қажет»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз