man and woman hand closeup with home keys representing buying and selling new apartment and real estate concept

ҚР премьер-министрi Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен отырыста халыққа арзан ипотека беру мәселесін көтерген «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаев: «Өткен аптада біз Шығыс Қазақстанда болған едік. Өңір басшысы Даниал Ахметов «баспана құрылысын қаржыландырудың қажеті қанша?» дейді. Оның барлығын екінші деңгейлі банктерге беруге болады ғой. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға көмектесейік десек, арзан ипотека берейік. Қазір елімізде тұрғын үй құрылысымен «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» холдингі айналысады. Олар баспана құрылысымен емес, ел экономикасымен айналысуы қажет. Ал тұрғын үй құрылысын жеке бизнес те жүзеге асыра алады. Бұны жай адам емес, әкім айтып отыр. Ол да кезінде Үкіметті басқарған»,— деп, өз сөзіне басқаларды иландырғысы келді. Соңғы кездері суырылып шығып сөйлеуді әдетке айналдыра бастаған Президиум басшысының айтуынша, мемлекеттің қыруар қаражатын «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» пен әкімдіктер арқылы құрылысқа салғанша, бұл ақшаға ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға болар еді. Осылайша, ипотеканы xалыққа барынша қолжетімді етуге мүмкіндік бар. Бірақ, бұл ұсынысты «майлы шелпектен» айырылғысы келмейтін лауазымды тұлғалар қолдайтын холдинг дөкейлері құптай қояр ма екен? Бар мәселе, міне, сонда. Өйткені, әлгі қыруар ақша онда Тимур қарамағындағы «Атамекен» ҰКП қолына өтіп, оның қызығын сол ұйым көретін болады ғой. Қарап отырсаңыз, бәрі айтуға ғана оңай.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз