Құттықтаймыз!

Ұжымымызда көптен бері бас директордың орны бос тұрғанын көзі қарақты оқырманымыз байқаған болар.  Осы аптада бұл басшы орынға ұжымымызда он шақты жылдан бері Бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарып келген белгілі журналист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы жайғасты. Құттықтаймыз! Сәуле тәтейіміз 1969 жылдан отыз жылдан аса уақыт ұстаздық еткен. Алдымен Жамбыл облысында, содан соң Алматы қаласындағы А. Жұбанов атындағы саз мектебінде басшы қызметтер де атқарған. Сәуле Мешітбайқызы 2000-2009 жылдары «Қазақтелеком» АҚ компаниясында ісқағаздарына мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі жетекші маманнан бас менеджер қызметіне дейін жұмыс істеді. Тәтейіміздің марапаттары да біршама. 1988 жылы Қаз КСР оқу ісінің үздігі, 2013 жылы «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған журналистердің «Нұрсұңқар» байқауында номинант болса, «Ақ жол» партиясының ұйымдастырған байқауында «Ең үздік журналист» атағын жеңіп алды. Ал 2012 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», 2015 ж. «Ауылшаруашылық саласының үздігі» медалімен, 2015 ж. Монғол Халық партиясының 90 жылдығына орай «Құрмет медалімен» марапатталған.

Сәуле Мешітбайқызын жаңа қызметімен құттықтай отырып, Алла Тағаладан ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және тұлпар шабыт тілейміз.

 

«Қазақстан ZAMAN» ЖШС ұжымы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз