ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пікір білдірді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. «Қазіргі таңда елімізде кейбір ресейлік телеарналардың көрсетілуіне шектеу қою мәселесіне қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бұл телеарналар мен жеке кабельдік оператор-ларға қатысты. Мұнда телеарналар Қазақстан Республикасының аумағында өз өнімін көрсеткені үшін тарифтің бағасын көтергісі келеді. Менің білуімше, бұл «НТВ» мен «Россия» телеарналарына қарасты телеарналар.Тараптар алдағы уақытта аталған мәселеге байланысты ортақ шешімге келетін болады. Мұндағы мәселе телеарналарға шектеу қою немесе тыйым салуға байланысты емес. Бұл – бизнес процесс. Олар ақшаны көп төлеуі мүмкін немесе ұсынылған талаппен келіспеуі мүмкін. Бірақ тариф бағасының көтерілуімен келіскен жоғарыда аттары аталған басқа кабельдік операторларда телеарналар қалады. Менің білуімше, мәселе ID-TV-ға байланысты», – деген пікірін алға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз