Болат Шарахымбай. Ауылға жазған арзулар: Жыр жинағы. – Алматы: «Балауса», 2017.
Поэзия әлемінде Ақбөкен атымен танымал айтулы ақынның бұл жаңа кітабына негізінен туған жерге, өскен елге деген іңкәр сағыныштан туған сұлу да сыршыл жыр шумақтары енгізілген. Тазалыққа, адалдыққа, махаббатқа, биіктікке жаны құмар ақын болмысы, көңіл толқындары, сезім суреттері жыр тілінде көркем бедерленді.
Жыр сүйер қауымға жол тартып отырған жинақтың өне бойы шындық пен шерге, сыршыл лирикаға толы. Жүрегі сезімтал ақынның ойы ұтқыр, ұйқастары шымыр, тілі шұрайлы, тақырып аясы кең. Өмір өрнектерінің өлең тіліндегі өзгеше мақамы оқырмандарды әлдебір биік романтикалық көңіл-күйге орап, асқақ рухқа жетелейді.
Екі бөлімге топтастырылған ақын еңбегін таразыға салып, бағасын берудің кезегі енді өлең сүйер оқырман қауымның өз құзырында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз