Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл кепілге 1,2 млн. теңге қойып, бостандыққа шықты. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі: «2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының тергеу соты «Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМКК директоры Ерлан Біләлге қатысты кепілдікке ақша қою шарасын қолданды. Сотқа дейінгі тергеу органы Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық-қайырымдылық шығармашылық қорының басшысынан 900 000 теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Олар 23.12.2017 жылы және 07.01.2018 жылы аралығында бірге театралды қойылым ұйымдастыру туралы шартқа қол қоймақ болған. Сот Ерлан Біләлге 1 млн 205 мың теңге кепілге қойып, бостандыққа шығуына рұқсат берді. Кепіл қою шарасы Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментіне қарасты тергеу тобы басшысының ұсынысымен қолданылды», — деп хабарлайды. Еске салсақ, 5 қаңтар күні Ерлан Біләл пара алып жатқан жерінде ұсталған-ды. Алайда оның әріптестері актердің мұндай қадамға барғанына мүлде сенбейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз