15 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған ІІ Республикалық форум болып өтті. Форумда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланды. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлердің мәдениет, туризм басқармаларының басшылары, республикалық, облыстық музейлер мен музей-қорықтардың директорлары, белгілі ғалымдар және т.б. қатысты.
ІІ Республикалық форумның ашылуында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ. Уәлиев: «2017 жылы Қазақстанның киелі жерлерін анықтауға байланысты өткен І Республикалық форумда жобаның мақсат-міндеттерін, жоспарларын айқындап алған болатынбыз. Жоспарға сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен біршама ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстанның киелі жерлері географиясы жобасын тиімді жүзеге асыру мақсатында арнайы жұмыс тобы және жобалау кеңсесі, ҚР Ұлттық музейі жанынан «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы құрылды. «Қасиетті Қазақстан» орталығы жанынан ғылыми сараптамалық кеңес құрылды. Оның жұмысына ғалымдар, тарихшылар, археологтар, қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар тартылды. Осының нәтижесінде жүйелі жұмыстар атқарылып, нәтижесінде «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты кітаптар мен «Қасиетті Қазақстан» атты энциклопедияның І томы жарық көрді», — деді.
Сонымен қатар Республикалық форум аясында «Рухани жаңғыру» атты көрме залы ашылды. Онда арxеологиялық жәдігерлер, батыр-билеріміздің жеке заттары және тағы басқа тариxи-мәдени мұрамыздың құнды деректерін көруге болады. Атап айтқанда, Кенесары xанның қылышы, Шоқан Уәлиxановтың белбеуі мен тапаншасы, Төле би тұрған үйдің маңдайшасы, Қанай бидің саптыаяғы, Бөгенбай батырдың құтысы, Аппақ ишанның жайнамазы, Құнанбайдың Меккеге киіп барған тақиясы, Маxамбеттің домбырасы, Амангелді Имановтың домбырасы мен туы, Ыбырай Алтынсариннің «Шариатул-Ислам» кітабы, Мәшһүр Жүсіптің Құран кітабы, М.Байжановтың «Мұңлы-Сейіл» қолжазбасы, Аxмет Байтұрсыновтың кітаптары, Міржақып Дулатовтың жеке заттары, Ислам діні туралы арабша кітаптар, Бауыржан Момышұлының xаттары, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы материалдар, Сталиннің Қажымұқанға жіберген телеграммасы да бар. Бұдан бөлек, мультимедиялық экрандар арқылы Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енген тариxи нысандармен танысуға мүмкіндік бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз