Мәжiлiсте өткен «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» және оған iлеспе заң жобаларының таныстырылымында Жаңа заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков баяндама жасады. Ал, Мәжiлiс депутаты Владислав Косарев Ұлттық банк өкiлiне: «Бiздiң банктердiң шетелдiк банктерден қарызға алған қаржы көлемi қандай? Бiз шетелге өтiп кеткен өз ақшамызды қайта несиеге алып жатқан жоқпыз ба?»— деген сауал қойды. Бұған О.Смоляков:

«Елiмiздiң банктерi 2007 жылға дейiн қаржыны белсендi түрде қарызға алатын. Олардың жалпы балансының 50 пайызына жуығы — бейрезидент алдындағы зайымдар болған. Бiрақ, қазiргi таңда теңгенiң бiрнеше девальвациясының болғанын ескере отырып, бiз бейрезидент зайымдарына қатысты реттеудi күшейттiк. Қазiр бұл көрсеткiш бiршама азайды. Олардың жалпы мiндеттемелердегi үлесi, өз пассивтерiнде 8 пайызды құрады. Бүгiнгi таңда зайымдар жоспарлы түрде өтелiп жатыр. Дегенмен, қазiр бiздiң банктерге жаңадан үлкен қаржыны ешкiм бермейдi. Бұның да өз артықшылықтары бар. Себебi, бiз осылайша 2007 жылғы проблеманың қайталану қаупiн төмендеттiк.

Ұлттық банк бұрын елден шетелге шығарылған қаржыны несие ретiнде алып жатқанымызды растай да, жоққа шығара да алмайды. Себебi, бiз тек статистиканы ескеремiз. Бiрақ, бiз мұндай тактика бар деп есептеймiз. Сондықтан, заң жобасы бойынша Қазақстан аумағына сыртқы зайым ретiнде заңдастырылып қайта келуi мүмкiн капиталдың шетелге шығу қаупi бар операциялар мұқият мониторингтен өткiзiледi. Бұл — осы заң жобасының новеллаларының бiрi және заң жобасының маңызды мiндетi»,— деп жауап бердi.

Ал, Мәжiлiс депутаты Гүлжан Қарағұсова: «Қазақстандық банктер қарыз алмайды, өйткенi оларға ешкiм ақшаны қарызға бермейдi. Және де соңғы жылдары банктерге мемлекет (ұлттық қор) тарапынан үлкен қаржылай көмек көрсетiлiп келедi.  деп, әріптесін қолдап қойды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.