2018 жылдың қаңтарында ақылы қызметтің бағасы мен тарифі өткен жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға қымбаттады.

Құқықтық қызмет және жеке көлікті сақтандыру қызметі 6; жолаушылар көлігі қызметі 1,3; денсаулық сақтау, мектепке дейінгі білім саласы 1,2; шаштараз және жеке қызмет көрсету 0,8 пайыз қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметі саласында орталықтандырылған жылу бағасы 1,9; ыстық су 1,7; қоқыс шығару 1,3;, газ бағасы 0,4 пайыз өсті. Тұрғын үйге қызмет көрсету 1,7 пайыз қымбаттады. Бұл жерде халыққа түсініксі жәйт — қызмет сапасы артпағанмен, оның бағасының үнемі арта беретіндігі. Сонда билік тарапынан мұны бақылап, реттеп отыратын бірде-бір құзырлы органның болмағаны ма? Монополияға қарсы күрес комитеті қайда қарап отыр?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз