Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы жалақы 1 пайыз өссе, ал оның сатып алу қабілеті 6 пайызға түсіп қалған.

Өткен жылдың соңғы тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы бар болғаны 116,4 мың теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңге қарағанда 0,7 пайыз ғана көп.

Инфляцияны есепке алғанда сектордағы жалақыны сатып алу қабілеті 6,3 пайыз төмендеген. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласындағы ең жоғары жалақы Астанада (179,9 мың теңге + бір жылда 1,5 %), Алматыда (137,8 мың теңге + 1,6%) және Атырауда (129,6 мың теңге – 1,9%) тіркелген. Жалпы алғанда дәрігерлер мен өзге де медициналық қызметкерлердің жылдық жалақысының төмендеуі 8 аймақта тіркелген.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің айтуынша, жалақы көлемі — менеджмент тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Республика бойынша дәрігердің орташа айлық жалақысы 159 мың теңге, ал экономика бойынша атаулы жалақы 148 мың теңге, яғни республика бойынша ара қатынасы 1-ге 1,1. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2019 жылдың мақсатты көрсеткіші де 1-ге 1 болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.