Өткен жылдың жаз айында ислам дінін қабылдап, мұсылман атанған шымкенттік Николай Путилин Алла алдында құлшылық жасау мақсатында кіші қажылыққа жолға шықпақ. Бұл жайлы су жаңа мұсылманның өзі: «Ислам дінін Шымкенттегі «Айқап» мешітінде қабылдадым.

Мұсылман атанғанымда мешіттегілер маған ақпан айында кіші қажылыққа барып қайтуға жолдама беретінін айтты. Одан бері жарты жылдай уақыт өтіпті. Шынымды айтсам, бойымда қорқыныш сезімі басым. Біз Шымкенттен он шақты мұсылман жамағат болып жолға шықпақпыз. Бауырларым «ешнәрседен қорықпа, білмей жасағаннан ештеңе етпейді, қасыңда біз бармыз. Бастысы, ішкі ниет» деп, барынша қолдау білдіріп отыр» ,— дейді деп, ислам дінін қабылдаған жарты жыл ішінде өзінің іштей өзгергенін айтудан жалығар емес.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз