Мұғалімдерге пайызсыз несие беру керек

0
2401

Мұғалім мәртебесін арттыру мәселесіне арналған отырыста қазақстандық ұстаздарға пайызсыз несие беру мәселесін көтерген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова: «Бүгінде біз педагогтардың еңбекақысын көтеру туралы көп айтамыз. Бірақ еңбекақыны көтеру не үшін керек? Бүгінде тұрғын үй қорының 96 пайызы жеке меншіктің еншісінде.

Жалақысына қанша пайыз қосылса да, 30 не 50 пайыз бола ма, бұл бір де бір мұғалімнің баспана мәселесін шеше алмайды. Жергілікті жерлерде педагогтарды тұрақты жұмыста ұстап отыруды үнемі талқылаймыз. Еңбекақы, әлеуметтік көмектер беру мен баспанамен қамту секілді мәселелерді қарастырамыз. Дегенмен бұл мәселелер толық шешімін таппады. Халықаралық тәжірибені алсақ, мысалы мен Американы зерттедім, шетелде мұғалімдерге пайызсыз несие береді. Егер ол мұғалім жұмыстан кетемін десе, бұл жеңілдіктен айырылып, қарызын пайызбен өтейтін болады. Осы бағытты пысықтап алған дұрыс»,— деп, өз пікірін ортаға салды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.