Элизабет келесі кезеңге өтті

0
1951

Ақ Олимпиада ойындары өтіп жатқан Пченчхан қаласынан жағымды хабар келіп жетті. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Олимпиада-2018 ойындарында әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, үздік 24 спортшының қатарына енуі арқасында жарыстың екінші кезеңіне өтті.

Онда спортшылар еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді. Э.Тұрсынбаева алғашқы бағдарламада 57,95 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұрақтады. Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова небәрі 44.40 ұпай жинап, үздіктер қатарына ене алмады.

Айта кетейік, 18 жастағы екі қазақстандық спортшы қыз да Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсетіп жатыр. Еске салсақ, 2017 жылы сәуірде Тұрсынбаева әлем     чемпионатында тоғызыншы орынды иеленіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алған болатын. Спортшымызға жеңіс тілейміз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.