Құрылыс саласында жеммқорлық белең алған

0
1921

Жақында «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәулет, құрылыс, қала салу салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді азайту бойынша шаралар мәселесі көтерілді.

Отырысқа Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлеймен, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық коммитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов, сонымен қатар бейне-байланыс арқылы өңірдің, жергілікті атқарушы органдардың басқармасының өкілдері қатысты. Сонда сөз алғандар: «Жоғары лауазымды тұлғалар қатысқан ірі жемқорлық даулар бізде жиі орын алады.

«Атамекен» және оның өңірлік палаталарына құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат алуда әкімшілік кедергілер орын алатыны жайлы бизнес субъектілерінен көптеп шағым түседі. 2017 жылы аудиторлар осындай процедураның бұзылғанын және 8 093,4 млн теңге бюджет қаржысы тиімсіз қолданылғанын анықтады, сондай-ақ 11,4 млн теңге қаржылық бұзушылық орын алғаны белгілі болды»,— деген деректерді келтірді.

                 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.