15-ақпан Шәкен Аймановтың туған күні

15-ақпан Шәкен Аймановтың туған күні

Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1928 жылы орта мектепті бітіріп, 1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында оқиды. 1933 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақ драма театрының құрамына қабылданады.  1947-1951 жж. аталған театрдың бас режиссері болады. Театрдағы қызметі барысында актерлік шығармашылығын шыңдап, шеберлігімен көзге түсті.     Театрдағы үздік рөлдері: Ақан сері («Ақан сері — Ақтоқты», Ғ. Мүсірепов), Қобыланды («Қарақыпшақ Қобыланды», М. Әуезов), Казанцев («Түнгі сарын, М.Әуезов), Тихон («Найзағай» А. Островский), солдат Шадрин («Мылтықты адам», Н. Погодин), Петруччио («Асауға-тұсау»,  Шекспир), Отелло («Отелло», Шекспир). 1952 жылы «Абай» (М.Әуезов, Л.Соболев) қойылымы үшін Сталин атындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады. 1938 жылдан бастап Шәкен Айманов кеңес кинофильмдеріне түседі. 1954 жылдан бастап режиссер болып, бірқатар фильмдерді түсірді. Өз мамандығының хас шебері ретінде Шәкен Айманов өз кейіпкерлерін сомдағанда көзтартар іс-қимылдар жасаумен қатар, оның ішкі дүниесін ашуға тырысатын. Режиссерлік қызметі барысында Айманов кинофильм мазмұнын жан- жақты ашып, ой толғамдармен қызықтырып, көркемдік жағынан суреттейтін. Дарынды актер, шебер режиссер қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі болып, қазақ өнерінің жанданып, дамуына  үлкен үлесін қосты. 1959 жылы КСРО Халық әртісі атағын иеленді. 1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлық Шәкен Аймановқа қаза болғаннан кейін берілген болатын. 1940 жылы КОКП мүшесі болып, Қазақ Жоғары Кеңесінің ІV және VІІ шақырылымдарының депутаты болып сайланды. 1970 жылы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында көлік апатында қайтыс болып, Алматыдағы Орталық зиратта жерленген.

Шәкен Айманов жайлы естелік

Алматы қаласындағы «Қазақфильм» киностудиясына Шәкен Аймановтың есімі беріліп, аумағына актер бюсті орнатылған. Киностудияда Шәкен Айманов атындағы кабинет-мұражай ашылды. Алматы қаласында көше аты берілген.  Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр ашылған.

Режиссерлік еңбектері:

1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге) 1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге) 1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге) 1957 «Біздің сүйікті дәрігер» 1961 «Бір ауданда» 1961 «Әуен шақырады» 1962 «Жол торабы» 1964 «Алдар көсе» 1966 «Атамекен» 1968 «Тақиялы періште»1970 «Атаманның ақыры»

Фильмография:

1938 «Амангелді» — эпизод 1940 «Райхан» — Сәрсен 1943 «Ақ раушан» — майдангер 1945 «Абай әндері» — Шәріп 1948 «Алтын мүйіз» — Жәкен Досанов 1953 «Жамбыл» — Жамбыл 1956 «Біз осында тұрамыз» — Бейісов 1957 «Біздің сүйікті дәрігер» — эпизод 1961 «Алдар көсе» — Алдар көсе 1969 «Найзатас бөктерінде» — Бейсембай

Сценарий авторы:

1968 «Тақиялы періште» (Я. Зискиндпен бірге)

Көркемдік жетекші:

1959 «Өмірге жол» 1966 «Ән қанатында»

Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделер:

1952 — КСРО Мемлекеттік сыйлығы (театрдағы еңбегі үшін) 1958 — Бүкілодақтық кинофестиваль (үшінші жүлде, «Біз осында тұрамыз»фильмі үшін) 1958 — Ташкент. Африка және  Азия елдерінің Халықаралық кинофестивалі (диплом, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін) 1959 — Бүкілодақтық кинофестиваль (Құрмет дипломы, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін) 1963 — Орта Азия мен Қазақстан кинематографистерінің конкурсы («үздік  режиссерлік жұмысы үшін» жүлдесі, «Жол торабы» фильмі үшін) 1967 — Қазақ КСР Мемлекеттік  К.Байсейітова атындағы сыйлық  (көркем шығармашылығы үшін, «Ән қанатында» фильміне) 1969 — Орта Азия және Қазақстан кинематографистерінің конкурсы (диплом, «Тақиялы періште» фильмі үшін) 1972 — Қазақ КСР Мемлекеттік  сыйлығы  (марқұм болған соң,  «Атаманның ақыры» фильмі үшін) Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Екі «Құрмет Белгісі» ордені.

Дереккөз: massaget .kz
15.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 127
ҚАРА ҚЫЛДЫ  ҚАҚ ЖАРЫП
Болат ЖАППАРҰЛЫ, ардагер журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі - 11.01.2025 36
ҰЛУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ІРІ ОҚИҒАЛАР
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 10.01.2025 117
Халықтан қорыққан әкім әкім емес!
Нұрила БЕКТЕМІРОВА - 10.01.2025 26
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 127
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 165
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 133
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 109
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1474
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1909

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12722
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11626
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14862
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13809
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18832