2-9 шілде аралығында Астанада елорданың 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.

2-9 шілде аралығында Астанада елорданың 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.

 

2 шілде (жексенбі) - "Домбыра дастаны" ұлттық домбыра күні.

 

Мереке 2018 жылдан бастап, шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Биылғы жылы мереке 2 шілдеге түсіп отыр. Домбыра тарихи мұраны сақтап қана қоймай, оны болашақ ұрпаққа жеткізеді, бұл ұлттың мәдени жадын сақтау және кеңейту тәсілі іспетті.

 

 

 

"Домбыра дастаны" ұлттық домбыра күніне арналған концерт "EXPO" халықаралық көрме орталығының алаңында сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін өтеді .

 

Концерттің тұжырымдамасы- "Домбыра туралы дастан: кешегісі, бүгіні және ертеңі".

 

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Мәди Рымбаев, Аян Байжігіт, Құралай Мейрамбек және кештің басты хэдлайнеріМирас Жүгінісов  заманауи аранжировкаға үйлестіріп, домбырамен өнер көрсетеді.

 

Бағдарламада:

- HasSak ethno-folk group   этно-фольклорлық тобының бірегей балет қойылымы және таң қаларлық әуелеген дыбыстарға толы этникалық шығармалар;

- "Қорқыт" этно-фольклорлық ансамблі  өткен жылдардыңәлемдік хиттері мен инструменталды музыканың заманауи шедеврлерін домбырада  орындайды;

- Ибрагим Ескендір және балалар оркестрі.

 

5 шілдеде (сәрсенбі) "ЕЛОРДА ӘУЕНІ АСТАНА" музыкалық шоу бағдарламасы.

Басталуы сағат  20-00.  "ЕЛОРДА ӘУЕНІ АСТАНА" музыкалық шоуы Орталық астаналық саябақтың жазғы амфитеатрында (Тұран даңғылы, 2/6) өтеді.

 

Қонақтарға Астананың оқиғалары мен жетістіктері туралы шағын бейнероликтер және қаланың  әйгілі 25 сәулет ғимараттарының видеосы көрсетіледі.

 

Кеш бағдарламасында-алғашқы қазақстандық тәуелсіз "NE PROSTO ORCHESTRA» өнер көрсетпек. Хор орындауында  үздік әлемдік хиттерді тыңдауға болады.  Сондай – ақ, белгілі аспапшылар - Ratovich, Бағжан Октябрь, Royal Beat, Илья Башкатов өнер көрсетеді.

Классикалық шығармалар да, заманауи танымал композициялар да орындалады.

 

  6 шілде (бейсенбі)" Open Air " - Астана күнін мерекелеуге арналған    концерт.

 

Сағат 18:00 - ден 23: 00-ге дейін ЭКСПО аумағында Маржан Арапбаева, Аука, Дос, AkhaМирас Жүгінісов, Қазбек Құрайш, Еркеш Хасен, Qanay, 91-тобы өнер көрсетеді. Сондай-ақ, кеш бағдарламасында концерт күні жарияланатын ерекше қонақтың қойылымы көрсетілмек. Кеш жүргізушілері Марат Оралғазин және Еркебұлан Мырзабек

.Шараны ұйымдастырушы мәдениет басқармасы және "Креативті индустрияларды дамыту орталығы" МКҚК.

8-9 шілде (демалыс күндері) сағат 12-ден 20:00-ге дейін-Jubilee food truck-

тағам мен сусынның үлкен қалалық мерекесі. Өтетін орны - Орталық Астаналық саябақ, Амфитеатр аймағы (Тұран даңғылы, 2/6).

 

Jubilee food truck аясында бауырсақ дайындау бойынша мастер - кластар сериясы өтеді.

Шақырылған аспаз бауырсақтың стандарттан өзгеше   түрлерін дайындайды, оның ішінде қамыры кокос сүтіне иленгенбауырсақ, түрлі-түсті бауырсақ, шай қосылған бауырсақ және т. б.

 

 

Сондай-ақ, балалар мастер-кластарының сериясы өтеді. Әр бала өзіне лайықтап салмасы бар бауырсақ немесе сэндвич-бауырсақ жинастыра алады. Фестиваль қонақтары үшін лимонадтар мен коктейльдер дайындау бойынша мастер-класс өтеді, сонымен қатар өз сусыныңызды жасау мүмкін болады.Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күн ішінде мереке қонақтары үшін бауырсақтың рекордты көлемі әзірленбек.

 

 

 

Фестивальде астананың 25 жылдығына арнайы таңдалған және дайындалған әлемнің түрлі халықтарының 25 тағамы ұсынылады.

 

04.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 30
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 27
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 36
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 28
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 28

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1199
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7246
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11110
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7309
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7457