2 айналма жол ашылады

 2 айналма жол ашылады

Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Индустрия және  инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев: «Қонаев қаласын басып өтетін теміржол шаһар сыртына шығарылуы мүмкін. Қаланың бас жоспары жасалған. 

Жоспарға сәйкес қала солтүстік батысқа қарай кеңейеді. Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады. Осы орайда ауқымды құрылысқа теміржол бөгет болмау керек. Теміржол желісін сыртқа шығаруға инвесторлар қызығушылық танытып отыр», – деді. Сонымен қатар өңірдегі автомобиль жолдарының құрылысын көрген министр: «Жыл ортасында 66 шақырымдық үлкен Алматы айналма жолы мен  Шамалған бекетіндегі 6 шақырымдық жолайрық пайдалануға берілмек. Ал Алматы іргесіндегі «Асыл арман» тұрғын үй кешені жанында салынып жатқан айналма жолдың құрылысын жарты жылда аяқтау жоспарланып отыр», – деп атап өтті. Бұған «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Нұрхат Ақылтаев: «Биыл қыркүйек айында бізде келісімшарт бітіп, жұмыстар аяқталуы керек. Жоспарымыз бойынша шілде айында барлық жұмысты бітіріп, пайдалануға береміз деген жоспарымыз бар», – деп қосты. 

Ермек Сахариев
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 75
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 132
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 57
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 46

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 349
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6454
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8163
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6534
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6670