ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев: «Бүгінде еліміз бойынша әкімдіктерде баспанаға мұқтаж 608 мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде әлеуметтік жағынан халықтың осал топтары – 242 мың адам, көпбалалы отбасылар – 85 мыңнан астам, бюджет қызметкерлерінің саны – 271 мыңнан астам, сондай-ақ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 60 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы әкімдіктер тарапынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспаналар, ипотекаға берілетін үйлер салынуда. Сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ жеңілдетілген қарыздар беріліп жатыр», – деп мәлімдеді.