Абзал Меңдібаев: Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту мақсатында 139 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді

Абзал Меңдібаев: Жыл басынан бері  халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту мақсатында 139 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев мәлім етті. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері 890,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Осы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту мақсатында 139 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. Бұл жоспар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Сонымен қатар жыл соңына дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1407 пәтер беріледі деп жоспарланған. Оның 305-і жалдамалы, 1102 несиелік тұрғын үй. Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспары аясында жыл соңына дейін жаңаөзендіктерге Ақтау қаласынан 135 пәтердің кілті табысталады», - деді Абзал Меңдібаев. 

Баспасөз конференциясында спикер шағын және орта бизнес саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. 

«Қазір шағын және орта бизнестің 2048 жобасы мемлекеттік қолдау механизмдерін пайдалануда. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 1731 жобаға 50,3 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.  400 жаңа жұмыс орны құрылып, 3989 жұмыс орны сақталды. Былтырмен салыстырғанда қолдау алған жобалар саны 15 есе өсті. Ал, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қала және ауыл тұрғындарына несие беру үшін 1,6 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде 1,4 млрд. теңге көлемінде барлығы 209 шағын несие берілді», - деді Абзал Меңдібаев.

05.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 60
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 54
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 532
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 482

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9186
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8584
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11812
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9581
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10794