Әділетті Қазақстанның әкімі осындай болуы керек

Әділетті Қазақстанның әкімі осындай болуы керек

Тағы бір шағым хатты арқалап Жаркентке келдік. Шағым хаттың иесі Жаркент қаласының тұрғыны Исламов Тілепалды екен. Оның хат жазу себебі 2014 жылдан бері 21 гектар жерін рәсімдей алмай жүр екен. Аудандағы жерге байланысты мекемелер неше түрлі сылтаулармен 9 жылдан бері байғұс кәсіпкерді әрі-бері сабылтып қойған. Біраз лауазымды орындардың есіктерін тоздырған. Нәтиже жоқ. Амал жоқ бізге келген. Қаншама ақшасын сарп еткен. Тіптен жеріне әртүрлі жеміс ағаштар егіпті. Тілепалдымен  жолықтық. Бес уақыт намаз оқиды екен. Жүзінен әбден қажығандық табы сезіледі. Ол жанындағы кісімен таныстырды. Оның тағдыры да осы Тілепалдымен ұқсас. Есімі – Ибрагим Юсупов. Оның жерінің көлемі 10 гектар. 2016 жылдан бері табанынан таусылып жүр. 

    – Осындай жер ала алмай жүргендер көп. Құжатымыз дұрыс. Тек соза береді, – деді Тілепалды қолдарын жайып. 

Біз аудан әкімшілігіне келдік. Жаңадан келген аудан әкімі Сағымбек Марат қарбалас жұмысына қарамай, бізді бірден қабылдады. Топырлап кірген бізді отырғызып, мән-жайға қанды. Міне, нағыз аудан әкімі осындай болу керек. Бұл мәселемен ол жақсы таныс болып шықты. Тіптен жер мәселесімен айналысатын мекемелердің істерін терең зерттетіпті. Сыбайлас жемқорлықтың сасық исі шығып тұр. Біраз құжаттарымен танысты. Кейбір басшыларды жұмыстан шығарып, жауапқа тартпақ.

– Бұл мәселе, көріп отырсыздар, маған жақсы таныс. Тексертіп жатырмыз. Шағым хаттарыңыз оңынан шешіледі, – деді аудан әкімі сеніммен. Бәріміз кетерде суретке түстік. Әділетті Қазақстанның жас әкімдері осылай турашыл болса керек. Біз де, шаруалар да ризашылығымызды білдірдік. Алдағы уақытта сіздерді осы мәселе жөнінде хабардар етіп отырамыз. Кездесуден соң қос шаруаны ертіп, олардың жерлерін барып көрдік. Екеуі де тасты жер екен. Бірақ тура жанынан арық ағып жатыр. «Егер құжатымызды рәсімдеп берсе, әртүрлі жеміс ағаштарын егіп, жайнатып жіберер едік» деді шаруалар алақандарын ысқылап. Біз де оларға тілектестігімізді білдірдік.

Науқас екені көрініп тұр. Ең бастысы бар салмақ Бәтиманың мойнында екен. Кетерімізде Бәтима өтініш айтты: «Егер мақала жазсаңыздар, Президенттің назарына ұсынсаңыздар, көріп отырсыздар, бұрынғы қос облыс әкімі шешпеді. Ал мына әкім шеше ала ма, жоқ па, білмей отырмын»...

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы Жаркент ауданы
20.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8774
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8174
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11403
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9157
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10388