Аида Балаева Еуропалық одақ өкілдерімен кездесті

Аида Балаева  Еуропалық одақ   өкілдерімен  кездесті

   Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Еуропалық одақтың Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмормен кездесті. Сондай-ақ кездесуге ЕО-ның                Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала, ЕО-ның  Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускас, Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің Орталық Азия бойынша басқармасының басшысы Дитмарос Крисслер, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының (АБҚО) басшысы Лима Диас және тағы басқалары қатысты. Қонақтар Қазақстанның Азаматтық альянсы мен Ұлттық еріктілер желісі орналасқан АБҚО жаңа офисімен танысты. Мұнда кез келген адам қандай гранттар жүзеге асырылып жатқаны жөнінде, түрлі конкурстарға қалай қатысуға болатыны туралы тегін кеңестер ала алады. «Бұл – азаматтық қоғамды дамытудың нағыз орталығы деп айтуға болады. Кез келген ҮЕҰ өкілдері немесе азаматтық бастама танытқан азаматтар әрдайым осында келіп, оны қызықтыратын азаматтық саланың барлық мәселелері бойынша толыққанды кеңес ала алады», – деді А.Балаева.

Ермек Сахариев
07.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 837
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6912
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10751
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6980
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7122