Аймағамбетов мырза, бұл бұйрығыңызбен ағарту емес, надандыққа жол аштыңыз

Аймағамбетов   мырза,  бұл бұйрығыңызбен ағарту емес,   надандыққа   жол аштыңыз

Ол қандай бұйрық? Оқыңыз. «Министр Аймағамбетов – баспасөздің жауы» деген сөз соңғы кезде жиі айтылатын болды. Бұл сөзді, министр мырза, естідіңіз бе, естімедіңіз бе, оны білмедік. Мен бұл сөзге қарсымын. «Аймағанбетов бізді ширасын деп айтқан болар» деп жақаураттым. Бірақ «Бөріктінің намысы бар» дегендей, әріптестеріммен илеген теріміз бір болған соң, менің де сізге деген өкпем қара қазандай. «Баспасөзге жазылуға мәжбүрлемеңіздер!» деген бұйрық сөзіңіз әсіресе онсызда жағдайлары мүшкіл қазақ баспасөзінің қанатын қырқып түскендей болды. Осы сөзіңізбен мектептермен, оқу орындарымен баспасөздің байланысын біржолата үздіңіз. Жай ғана үзген жоқсыз, балалар, жастар, тіптен ұстаздар үшін ғажайып рухани дүние есігін, ағартушылықтың есігін жаптыңыз.

Бас ұстаз ретінде сіз бұлай істемеуіңіз қажет еді. Әсіресе Оқу-ағарту министрлігінің тұтқасын ұстаған соң «оянып», «ағарту» деген сөз рухани жаңғыру деген сөз ғой деп, қыңыр бұйрығыңызды қайтып алу міндетіңіз бен парызыңызды орындаған абзал еді. Бірақ сіз өйтудің орнына биыл одан сайын баспасөзге деген қылбұрауыңызды күшейте түстіңіз. Неге? Бұл білместік пе, әлде сізге біреулер осылай істе деп тапсырма берді ме? Сіз жалпы «ағарту» деген сөздің мағынасын білесіз бе? Бұл тек оқыту, білім беру деген сөз ғана емес, ол адамдардың жан дүниесін рухани дүниемен байыту деген сөз. Рухын оятып, намысын жану деген мағына береді. Сіз осы жоғарыдағы кертартпа сөзіңіз арқылы өз міндетіңізді дұрыс орындамай отырсыз, министр мырза! 

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп Сұлтанмахмұт айтқан сөзді сіз жақсы білесіз ғой деп ойлаймын. Біз, зиялы қауым өкілдері,сізден көп үміт күткен едік. Білім әлеміне ұлттық рухты, идеологияны енгізетін нағыз сайыпқыран азамат келді деп қуандық. Қателесіппіз. Қазір біздің қоғамға, ұлтымызға надандық деген қарау күш үстемдік етіп отыр. Балалар кітап, газет, журнал оқымайды. Ғаламтор балаларымызды мәңгүрт етіп, роботқа айналдырып жатыр. Балалар түгілі оның ата-аналары, ұстаздары біздің қазақ жазушыларының, журналистерінің есімдерін білмейді. Қазір қоғамда не болып жатқанынан хабарсыз. Жоғарыдағы сөзіңізбен сіз надандыққа, біліксіздікке жол ашып, «көмектесіп» жатырсыз. Неге? Біз осыған түсінбей отырмыз. Баспасөзге жаздырту науқаны Кеңес өкіметінің өзінде де бар болатын. Бұл ағартушылық қызметін атқаратын. 

Министр мырза, ойланыңыз. Жоғарыдағы баспасөздің қанатын қырыққан бұйрығыңызды қайтып алыңыз, райыңыздан қайтыңыз. Мектептің, оқу орындарының есіктерін баспасөзге ашыңыз. Рух самалы соқсын! Сонда ғана сіз өз қызметіңізді, ұлт алдындағы парызыңызды адал орындай аласыз. 

 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
20.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 141
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 140
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 654
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 774
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 687
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 697

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8834
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8232
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11459
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9216
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10443