Аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу, ірісауда-ойын-сауық орталығының құрылысы жәнежаңа жұмыс орындарын құру. Жақында әкімінсайлаған Қарағанды облысының Абай қаласы қалайдамып келе жатқаны туралы журналистерге баспасөзтуры кезінде айтылды.
Абайда төрт көшенің жолдарын жөндеуге, жаяужүргіншілер жолдарын жайластыруға кірісті. Моноқаланың аулаларында асфальттау және балалармен спорт алаңдарын салудан бөлек, орындықтар, жарықтандыру тіректері мен қоқыс жәшіктерінорнату көзделіп отыр.
- Бізде қаланы дамытудың әлеуеттік жоспарықұрылған. Биыл орташа жөндеуден басқа, бірнешекөшенің жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізіледі, - деді Абай әкімі Медеу Ахметов. - Біз саябақтыабаттандырудың ЖСҚ дайындаймыз. Қалада ауданы16 мың шаршы метр болатын ірі сауда-ойын-сауықорталығының құрылысы басталды. Бұл біріншікезекте жаңа жұмыс орындарының ашылуынамүмкіндік береді. Сондай-ақ, қаланы көгалдандыружұмыстары жүргізілуде, біз 200-ге жуық көшет пен2,5 мың бұта отырғыздық. Күзде жұмыс жалғасады.
Биыл Абайда кәріз жүйесін қайта жаңартудыаяқтау жоспарланып отыр. Желілерді жаңғыртужобасы үш жылға есептелген.
Қолжетімді инфрақұрылым құрумен қатар, қалада барлық әлеуметтік нысандар жөнделді. Абайорталық ауруханасында күрделі жөндеу жүргізілді, қабылдау бөлімшесінде шұғыл медициналық көмеккөрсетуді көздейтін 3H жүйесі енгізілді жәнежабдықтар жаңартылды.
Маңызды міндеттердің бірі – экономиканыәртараптандыру.
Жеке инвестордың қаражатына қалпынакелтірген Абай тігін фабрикасы қарқын алуда. Кәсіпорын арнайы киім, күртеше, жилет, төсек-орынжабдықтарын шығарады. Фабриканың тапсырысберушілері өңірдің және елдің ірі өнеркәсіптіккәсіпорындары.
- Білікті тігіншілер бізде 250 мың теңгекөлемінде жалақы алады. Қазір фабрикада 80 адамжұмысқа орналастырылды. Қосымша жұмысорындарын құру мүмкіндігі бар. Бірақ өңірде кадртапшылығы бар. Сондықтан өзімізге қажеттімамандарды оқытып алу мақсатында Абайда жекеколледж ашқымыз келеді. Сонда өндірісті толыққуатында іске қоса аламыз, - дейді кәсіпкер НұрханЖұмабеков.
Кәсіпкер Дана Аманбаева «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша білім алып, өз ісін өргедөңгелетіп келеді. Екі жыл бұрын грант ұтып алып, сол қаражатқа даму орталығын жабдықтған. Қазіронда 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі 40-қа жуық балаоқиды.
- Бұл Абайдағы бүлдіршіндерге арналған жалғыздамыту орталығы. Қазір менде төрт педагог және бірауысымды әкімші жұмыс істейді. Балалар көп, сұраныс бар. Мен алаңды кеңейтіп, сәйкесінше жаңажұмыс орындарын құрғым келеді, - депжоспарларымен бөлісті кәсіпкер.
Айта кету керек, биыл Абай ауданында жұмысістеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері санының өсуікүтілуде. Жүзден астам жұмыс орнын құра отырып, 30 жаңа нысан ашу жоспарлануда. Ісін жаңаданбастаған кәсіпкерлерді қолдау үшін ауданда 50 грантбөлінеді.